Жаңа жыл мерекесі балалар колониясында аталып өтті                                                            

Алматы қаласы, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемесінде кәмлетке толмаған жазасын өтеуші сотталғандар  арасында   « Жаңа жылға» арналған мерекелік іс-шара өтті. ҚР Премьер-Министрінің 13.09.2023ж. өкімімен бекітілген 2023-2025 жылдарға арналған қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудын жол картасын іске асыру аясында өтті. Мекеме бастығы әділет полковнигі Сулейменов Алмат Битимбековичтің  құттықтау сөз кезегімен бастап, барлық қызметкерлерге, жазалы жасөспірмдерге жаңа жылда жаңа бақыт табыстар тіледі.

Концерттік бағдарламаның басты қонағы «Алматы әуендері» ұжымының әртістерінің  дайындаған әртүрлі қызықты қойлымдарымен басталып,  жасөспірімдерге қызықты ойындар ойнатып, флешмоб би және жаңа жылдық жақсы көңіл күймен жалғасып, әртістердің қойлымы өте қызықты көңілді өтті. Бастысы балалардың көңілінен шықты.

Мерекенің соңында, келген қонақтар- Жетісу ауданы әкімінің аппаратының  өкілідері құттықтау сөз сойлеп, тәті-конфетерін сыйлықтарын жасөспірімдерге үлестірді.

Осы мерекеге ат салысып көмектескен қонақтарға, мекемедегі тәрбие жұмысы бөлімінің  бастығы әділет подполковнигі  Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна келген қонақтарға зор алғысын білдірді. Болашақта да осындай ауқымды мерекелер жалғасын табатынын айта кетті.  

                                                      №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай осужденные написали письма ветеранам Великой Отечественной войны

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...