Қоғамдық жерде мас болу – бұл әдептілік пен қоғамдық тәртіпті бұзу

Полиция ақпаратының талдауына сәйкес, қоғамдық орындарда қылмыс пен құқық бұзушылық жағдайларының көпшілігі «отты судың» әсерінен болады. Жасыратыны жоқ, алкоголизм басқаларға теріс әсер етеді және көптеген адамдардың тағдырын бұзады. Сондықтан қоғамдық орындарда мас күйде болу фактілерін анықтау және жолын кесу полицияның өзекті міндеттерінің бірі болып табылады.

  • Ең алдымен, қоғамдық жерде мас болу – бұл әдептілік пен қоғамдық тәртіпті бұзу. Көптеген ішімдік ішкен азаматтар мұндай жағдай болмайды деп санайды, бірақ ол қауіпті, өйткені алкоголь кез-келген адамның мінез-құлқына әсер етеді. Мысалы, 26 желтоқсанда Түрксіб ст.ЖПб қызметкерлері 55 Көкшетау-Қызылорда бағытында қатынайтын жолаушылар поезының бастығының актісі бойынша масаң күйде болған ер адамды пойыздан алып түсті. Келген патруль тәртіп бұзушыны медициналық куәландыруға алып келді, сараптама нәтижелері орташа алкогольдік масаңдықты көрсетті. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 440 — бабы 3 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және Жамбыл облысы,Тұрар Рысқұлов аудандық сотының шешімі бойынша 2 күнге әкімшілік қамаққа алу жазасы белгіленді.
  • Түрксіб ст.ЖПб

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...