spot_img
spot_img

Дәлелдемелер дер уақытында ұсынылуы тиіс

Азаматтық процестік кодекстің 73-бабында дәлелдемелерді ұсыну нормалары көрсетілген. Мұны айтып отырғанымыз, іс үшін азаматтардың дәлелдемелерді дұрыс ұсынуы маңызды. Дәлелдемелер бірінші сатыдағы сотқа  сотқа дейінгі хаттама жасалып, талап қою қабылданған кезде ұсынылады. Хаттамада тараптар мен іске қатысатын тұлғалар талаптарына немесе қарсылықтарына сілтеме жасау, сондай-ақ, іс сотта қаралған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі. Дәлелдемелерді істі сот талқылауына дайындау сатысында ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде оларды сот талқылауы кезінде беруге болады.

Сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін, сондай-ақ, істі дұрыс қарау және шешуде маңызды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін анықтайтын заңды тәсілмен алынған фактілер жайлы мәліметтер істе дәлелдемелер болып табылады. АПК-да көзделген тәртіппен алынған дәлелдемелер сотта жарамды деп танылады. Дәлелдемелер аталған кодекстің 404-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда апелляциялық сотқа ұсынылуы мүмкін. Бірақ, қолында бола тұра бірінші саты сотына берілмеген дәлелдемелерді апелляциялық, кассациялық саты соттары қабылдамайды. Іске қатысушылар мен басқа да тұлғаларға  дәлелдемелерді беруде қиындықтар туындаса, олардың өтінішхатының негізінде сот дәлелдемелерді алуға жәрдемдеседі.

Мұндай өтінішхатта іс үшін маңызы бар мән-жайлардың осы дәлелдемемен анықталатыны немесе теріске шығарылатыны, дәлелдемелерді өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер, тұрған орны көрсетіледі. Қажет болса сот іске қатысушыға дәлелдемені алу үшін сұрау салуды береді. Сот сұратқан дәлелдеме тікелей сотқа жіберіледі немесе соттың тиісті сұрау салуы бар адамға  беріледі. Ескеретін жағдай, корпоративтік дауларда дәлелдемелер тікелей сотқа түсуі тиіс. Талап етілген дәлелдемелер сотқа ұсынылмаған жағдайда оның себебі хабарлануы керек. Дәлелдемелерді сот белгілеген мерзімде ұсынбаған адамдар сотқа құрмет танытпағаны үшін  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен көзделген  жазаға тартылады.

     Әкімшілік жазаның қолданылуы сот талап еткен дәлелдемелер бар адамды жазадан босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамағандар қылмыстық жауаптылықта болады. Сондықтан, әрбір азамат сот талабын мінсіз орындап, заңға құрмет көрсетуі тиіс.

Индира Абекова,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Судья көмекшілерінің көмегі көп

Сот жұмысын жандандыратын, судьялар жұмысын оңтайландыратын бастамалар аз емес....

Медиацияның тиімді тұсы көп

Елде даудың көбеюі халықтың бірлігіне салқынын тигізеді. Дау артқан...

Дербес кассациялық соттар – азаматтар сенімінің кепілі

Азаматтар өз құқығы мен бостандығының мінсіз қорғалғанын, сапалы қаралғанын...

Алматы қаласы әдеп жөніңдегі кеңестің 2024 жылғы қызметінің нәтижесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаменттерінің жанында...

Сотрудники УИС провели интерактивную встречу с учащимися среднего звена школы на тему «Өзіңнен баста»

В области Абай сотрудники учреждения, смешанной безопасности, провели интерактивную...