12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ӘРПК-дағы татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Кез келген даудың сотсыз бітуі азаматтар мен сот үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін пайдалы. Бабаларымыз айтқандай, «Ынтымақ жүрген жерде ырыс та  бірге жүреді». Бұған кезінде би-шешендеріміздің дау-дамайды дауласушылар арасында өзара келісіммен бітіруі дәлел. Ел заңдарына дауды сотсыз бітіру шараларының енгізілгеніне он төрт жылға жуықтады. Әкімшілік рәсімдік процестік кодексте тараптардың өзара келісімге келуі, бір-бірімен татуласуы басты шарт ретінде қарастырылған. Мәселен, аталған кодекстің 120-бабы татуластыру шараларына арналған. Осы кодекске сай, тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдер жасасып, істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

  Әкімшілік әділетте татуласу үшін жауапкердің әкімшілік қалауы болуы керек. Әкімшілік қалау дегеніміз, әкімшілік орган мен лауазымды адамның заңмен белгіленген мақсаттар мен шектер заңдылығын бағалауда өзіне тиімді шешімдердің бірін қабылдауын білдіреді. Дауды татуласу, медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жазбаша жасалады. Келісімге тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды. Келісім мәжбүрлеу тәртібімен орындаушылық талаптарға сай келуі тиіс. Бұған қоса онда татуласу шарттары мен сот шығыстары, оның ішінде өкілдер қызметіне төленетін шығыстарды бөлу тәртібі де қамтылады.

Соттар тараптарды бітімгершілікке шақыру шараларын жүргізеді. Бұл заңдылық бұрыннан да бар, алайда, бүгінде негізгі міндетке айналып отыр. Сондықтан, сот тараптардың татуласуы үшін қажетті шараларды қабылдап, оларға дауды реттеуге көмектеседі. Бітімге келіп, татуласу дауды шешудің ең тиімді әдісі әрі халқымыздың ертеден келе жатқан билер сотындағы ең тура жолы. Сондықтан, дау атаулының өзара келісіммен бітуі екі жаққа да тиімді.  Дауларды татуластыру рәсімімен жүзеге асырудың басты артықшылығы, дауды шешу мерзімін қысқартып, тараптардың шығындарын азайтады. Сондықтан, медиация институты заманауи сот жүйесінің басты ұстанымына
айналып отыр.

Тараптар келісім шарттарын жасауда заңдылыққа баса мән
беріп, барлық тәртіпті сақтағандары жөн. Дау-жанжалдың ортақ мәмілемен шешілуі мемлекетіміздің құқықтық саясаты мен экономикасын дамытуға ықпал етеді.  Мемлекеттік органдар қатысатын істер бойынша татуласу рәсімдерін қолдану әкімшілік органдар жұмысын оңтайландырады.  Соттың белсенді рөлінің қағидаты жауапкерлердің дауды татуласу рәсімдері аясында шешуіне, сол арқылы ұзаққа созылатын сот істеріне жол бермеуіне жағдай жасайды. Өйткені, олар түрлі сот инстанцияларына шағымданып, өздерінің алтын уақыттарын жоғалтпайды.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, лауазымды адамдардың татуласу рәсімдері мен медиацияға мүмкіндігінше батыл қадам жасауын уақыттың өзі талап етіп отыр. Өйткені, олар осы арқылы қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға атсалысып, халықтың  әкімшілік органдар жұмысына деген оң көзқарасын қалыптастырады. Осы себепті, біз дау-жанжалды сотсыз реттеудегі ең жақсы жол – бітімгершілік екенін жұртшылыққа жеткізгіміз келеді.

      Мұхит Мұқашев,

Маңғыстау облыстық мамандандырылған

Ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Врачи Алматинской области ознакомились с работой лучших клиник Лондона

Специалисты из разных медицинских учреждений Алматинской области вернулись из...

Врачи Алматинской области ознакомились с работой лучших клиник Лондона

Специалисты из разных медицинских учреждений Алматинской области вернулись из...

Сыбайлас жемқорлықпен күресте шетелдіктер тәжірибесі

Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекетте бар. Сондықтан, бұл дертхалықаралық құқықтық...

Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің ролі

      Негізгі заң Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі –мемлекеттік...

Судья көмекшілерінің көмегі көп

Сот жұмысын жандандыратын, судьялар жұмысын оңтайландыратын бастамалар аз емес....