“ШЫРША” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ

Жаңа жыл қарсаңында тұрғындар үйлерді жасанды шыршалармен емес, “орман сұлулығымен” безендіруді жөн көреді, осылайша үйде жаңа жылдық көңіл-күйдің символы ретінде инелердің хош иісі сезіледі. Сонымен қатар, кейбіреулер мерекенің басты атрибутын заңсыз жолмен алады.
2024 жылдың 20-31 желтоқсан аралығында Түрксіб станциясы қызмет көрсету аумағында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуді, дайындауды, тасымалдауды және өткізуді болдырмау мақсатында «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады.
Профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде рейдтер мүдделі органдармен бірлесіп жүргізілетін болады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіру және шығу кезінде қосымша бірлескен мобильді бекеттер ұйымдастырылады. Темір жолдарда сондай-ақ басқа жерлерде жас қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдау мен өткізудің заңдылығы тұрғысынан бақылау күшейтіледі.
Заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Заңсыз кесу үшін ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабы көзделген, белгісіз жерде рұқсат құжаттарынсыз заңсыз сауда жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша жауапкершілік көзделген.

Түрксіб ст. ЖПб

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...