Тәуелсіздік — ел тұғыры

Еліміздің Тәуелсіздік бесігінде тербелгеніне отыз үш жыл толды. Осы отыз үш жыл ішінде Қазақстан шекаралы, өз алдына дербес, зайырлы мемлекет болумен қатар әлемнің бетке ұстар елдерімен терезесі тең болып, тіпті жаһанды мойындатуда. Егемендігіміз ащы термен келген,тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жердің отымен келген ұлы күн.

Қазақстан-ұлттың,тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, алтын діңгегі,халықтың бақ жұлдызы.

Қазақстан Республикам мақтанышым,

Бір өзіңмен мақтанам,ақ таң үшін.

Жалындаған жас жігер бақта құсың

Тәуелсіздік тұғырың жастар үшін.

Тәуелсіздік асыл мұра ұрпаққа,

Мойымастан жете білген мұратқа.

Бабамыздан дарыған бұл қасиет,

Жеңіс деген қанға сіңген тұраққа — дегендей,Тәуелсіздік-арман!

Жер бетінде қанша ұлт болса,сонша арман бар.Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.Бабаларымыздың отымен,жастардың жалынымен ел үмітін ақтап, төбемізден көк жарқырады. Намысын бермеген, жасқанып көрмеген ата-бабамыз оқпен-оттың ортасында ұрандап отан үшін жан берісіп,жан алған.Тәуелсіздік — ол көк байрағымыз желбіреп, күніміз мейірім шуағын шашып, көздегі мөлдір жадырап, кең өлке сары далада қанатын кеңге жайып, қырандай ұшу.Тәуелсіздік — ол әрбір қазақтың жеңісі,сансыз байлығы, асыл мұрасы.

Қызылорда әкімшілік сотының бас маман хатшысы А.Жаппасбаева

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...