Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Ғалымжан Мұқатайұлы Балтабаев ҚАЖ зейнеткері Алхан Азизханұлы Омарбековты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады
Алхан Әзизханұлы ҚАЖ жүйесінде ұзақ жылдар қызмет еткен және Мекеме бастығы болған басшылардың бірі. Бүгін ҚАЖ ардагері 70 жасқа толды. ҚАЖ Абай облысы бойынша Департамент бастығы Ғалымжан Мұқатайұлы ардагерді мерейтойымен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Алхан Азизханұлы Омарбеков 1954 жылы 15 желтоқсан айында Шымкент облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. 1972 жылы мектепті бітіріп, 1973 – 1975 жылдар аралығында әскери борышын атқарды. 1976 – 1981 жылдары Семей Педагогикалық институтының «Педагогика және тарих» факультетін бітірді. 1981 – 1984 жылдары комсомол органдарында басшылық қызметтері болып атқарды. 1984 жылдың 6 қыркүйегінде жолдамамен Семей облыстық ішкі істер басқармасына саяси бөлімінің нұсқаушысы (инструктор) болып тағайындалды. 1989 жылдың ақпан айында облыстық тергеу изоляторы бастығының саяси жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіне ауысып, 1992 жылдың желтоқсан айынан аталған изолятордың бастығы болып тағайындалды. 2003 жылдың қыркүйек айында ұзақ жылдар адал қызметі үшін әділет полковниге шенінен зейнетке шықты. Зейнетке шықса да Алхан Азизханұлы қоғамдық жұмыстардан қол үзген жоқ. Ішкі істер саласының қызметін насихаттап қала оқу орындарының студенттері алдында дәрістер оқып, жиі-жиі әңгімелер өткізді. Қалалық, облыстық және республикалық баспасөз беттерінде мақалалар жариялап, ішкі істер органдарының, қызметкерлерінің және полиция бөлімі ардагерлерінің беделін көтеруге өзінің үлесін қосып келеді. Қазіргі уақытта еңбегінің зейнетін көріп, құрметті демалыста.
Қызмет барысында өзін білікті маман, тәжірибелі басшы ретінде көрсете білді. Заңдылықты сақтап, қарамағындағы қызметкерлерден де талап ете білді. Қызмет атқару барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен, ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментімен бірнеше рет марапатталған. Медальдармен, «ІІМ құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталған. Қала өміріне белсене араласып, жастар арасында тәлім-тәрбие шараларына қатысқаны үшін Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазіргі уақытқа дейін жас мамандармен мол тәжірибесімен бөлісіп отырады.
⠀ — Біз облысымыздың қылмыстық-атқару жүйесін қалыптастыруға өз үлесінізді қосқаны үшін Алхан Азизханұлына алғысымызды білдіреміз. Сізге денсаулық, ұзақ өмір тілейміз және жақындарыңыз бен туыстарыңыз әрқашан қамқорлық пен қоршалсын. Қызметіңіз бен еңбегіңіз үшін рахмет, — деді Ғалымжан Мұқатайұлы.⠀