Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №12 мекемесінде сотталғандар арасында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында, эстрада жас әншісі Бекзат Құнанбай өзінің әндерін тарту етіп, «Реванш» қоғамдық қорының өкілдерінің арнайы дайындаған концерті ұсынылды.
Сотталған арасында ұйымдастырылған шара Әнұранның шырқалуымен және мекеме басшысы Ғалибек Төлепбергеннің бастамалық құттықтау сөзінен басталды.
Сонымен қатар, жазасын өтеушілер арасында бірнеше спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаз аталған сотталғандарды марапаттау рәсімі өткізілді.
Іс-шара ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтандырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында өтті.