Қызылордада жазасын өтеушілерге арт-терапия сабағы өткізілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемеде жазасын өтеушілер үшін ерекше психологиялық жұмыс ұйымдастырылды. Психолог Ақгүл Аманованың ұйымдастыруымен сотталғандар арасында арт-терапия әдісі қолданылып, ішкі күйзелісті сурет салу арқылы жеңілдету бағытында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, жинақталған күйзеліс пен мазасыздықты жеңілдету. Арт-терапия шығармашылық арқылы ішкі сезімдерді білдіруге және жағымсыз эмоциялардан арылуға мүмкіндік береді.
Шара барысында жазасын өтеушілер түрлі тақырыптарға суреттер салып, өз сезімдерін қағаз бетіне түсірді. Кейбіреулері табиғаттың бейнесін таңдаса, енді біреулері өз өміріндегі маңызды оқиғаларды бейнеледі. Бұл шығармашылық процесс олардың ішкі жан дүниесін ашып, мазасыздықты азайтуға ықпал етті.
“Сурет салу – адамның ішкі жан дүниесін ашудың тиімді тәсілі. Бұл әдіс сотталғандардың өзін-өзі түсінуіне, эмоцияларын дұрыс бағытта көрсетуіне көмектеседі. Жазасын өтеушілер өз туындыларын таныстырып, суреттерінің мағынасын түсіндірді. Олар мұндай шығармашылық жұмыстың өздеріне оң әсер еткенін және психологиялық жеңілдік сезінгендерін айтты,-деді психолог Ақгүл Аманова.
-Бүгінгі ұйымдастырылған арт-терапияға қатысу арқылы өзімді жеңіл сезіндім. Сурет салу кезінде өзімнің ойларымды, эмоцияларымды еркін шығардым. Табиғаттың бейнесін салған сайын, өзімді тыныштыққа жақындағандай сезіндім. Бұл процесс маған көптен бері мазалап жүрген ауыр ойлардан арылуға және ішкі жан дүниемді түсінуге көместі.

Осындай шараларды ұйымдастырғаны үшін психолог маманға үлкен алғысымды білдіремі,-деді сотталған азамат.

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...