Абай облысы ҚАЖД №21 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мерекені мерекелеуге байланысты Абай облысы бойынша ҚАЖД № 21 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында мәдени — бұқаралық және спорттық іс-шаралары, салтанатты жиындар өткізілді. Өткізілген іс-шараға сотталғандардың басым бөлігі қатысты. Мерекеге арналған жасақтардың арасында үздік қабырға газеттерінің конкурстары және спорттық іс-шаралар, айта кетсек дойбы және шахматтан сайыс өткізілді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының құрбандарын еске алуға дайындық және құрмет шеңберінде 1986 жылғы 16-17 желтоқсандағы қайғылы оқиғалар туралы патриоттық фильм көрсетіліп, салтанатты жиналыс өтті. Бұндай іс-шаралар сотталғандардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру өзін-өзі тану және олардың түзелуіне оң әсерін тигізу, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізіледі.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...