Сотталған азаматтар тарихи-өлкетану мұражайына барды

Қоғамға қайта бейімделу мен рухани дамуға бағытталған іс-шаралардың бір бөлігі ретінде Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекемеде жазасын өтеушілер үшін ерекше мәдени шара ұйымдастырылды. Сотталған азаматтар жергілікті тарихи-өлкетану мұражайына барып, өлкеміздің тарихымен жақынырақ танысу мүмкіндігін алды.

Мұражай қызметкерлері жазасын өтеушілер үшін арнайы экскурсия ұйымдастырып, аймақтың ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі тарихы мен мәдени мұралары туралы қызықты мәліметтер ұсынды. Экскурсия барысында қатысушылар ежелгі жәдігерлерді, ұлттық өнер туындыларын, тарихи құжаттарды және басқа да маңызды экспонаттарды тамашалады.

– Бұл шара біз үшін рухани азық болды. Тарихымызды танып, ата-бабаларымыздың мәдени мұрасымен жақынырақ таныстық. Мұндай іс-шаралар адамның ой-өрісін кеңейтіп, болашаққа деген үміт сыйлайды. Бізге осындай мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз, – деді жазасын өтеушілердің бірі.

Тәрбие бөлімінің қызметкерлері мұндай мәдени шаралардың сотталған азаматтардың қоғамға оралуына, рухани тұрғыдан дамуына және оң көзқарас қалыптастыруға септігін тигізетінін атап өтті.

– Мұражайға бару сотталған азаматтар үшін тек уақыт өткізу ғана емес, олардың өз тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, тұлғалық өсуіне ықпал ететін маңызды қадам. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырып, олардың рухани дамуына қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз, – деді мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы Бауыржан Сәметов.

Мұндай бастамалар сотталған азаматтардың жаңа өмір бастауына және қоғамға бейімделуіне үлкен ықпал етеді.

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің абыройы мен құқықтық мәдениетінің, ұлттық қауіпсіздік пен әскери рухтың негізі

Мемлекеттілік пен егемендіктің мызғымас діңгегі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының...