Қызылордада сотталғандар «Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» киносын тамашалады

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде тәбие бөлімінің ұйымдастыруымен маңызды шара өтті. Мекемедегі жазасын өтеушілерге «Пейіш.Жұмақ ананың табанының астында» киносы көрсетілді.Туындыны қырғызстандық режиссер Руслан Акун түсірген. Кино туынды ана мен баланың Меккеге сапары жайында. Фильмнің басты кейіпкер Әділ мен анасы Райхан апа. Оқиға анасын Меккеге апарып, бесінші парызын орындау әрекетінен басталады. Туындыны жазасын өтеушілер аса қызығушылықпен тамашалады.

Бұл фильм тек бір сәттік демалыс емес, рухани азық болды. Шарадан алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес, кинода адами құндылықтар дәріптелген. Ананың ұлына деген махаббаты шексіз екенін және ана мен бала арасындағы байланысты ерекше суреттеген. Киноны тамашалап отырып, анам есіме түсіп, көңілім босады. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз деді,- сотталған азамат.

Мұндай фильмдер сотталған азаматтардың жүрегіне үміт, кешірім мен мейірімділік сезімдерін ұялатады, әрі өмірге деген көзқарасын өзгертуге көмектеседі. Жазасын өтеушілермен мәдени-спорттық шараларды жиі өткіземіз. Біздің мақсатымыз- олардың қоғамға қайта бейімделуіне, рухани дамуына және оң көзқарастарын қалыптастыруға көмек көрсету ,-деді тәрбие бөлімінің бастығы Бауыржан Сәметов.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...