12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сапалы білім елдігіміздің кепілі


    Жоғары оқу орнындағы сапалы білім – қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі. Сапалы білім әрбір студентке қажетті теориялық білімді, кәсіби дағдыларды, сондай-ақ өзін-өзі жетілдіру мен әлеуметтік тұрғыдан белсенді болуды қамтамасыз етеді. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары  концепциясының 4 бөлімі –«сапалы  білім» екен алға тартқым келеді.Жоғары оқу орнында сапалы білім алу келесі факторларға байланысты:

           1.Сапалы білім беру үшін білікті, тәжірибелі және өз ісіне адал оқытушылардың болуы маңызды. Олардың тек білім берудегі емес, сонымен қатар өз саласында зерттеулер жүргізуге, жаңашылдықтарды ендіруге деген ұмтылысы қажет.

           2.ЖОО-лар студенттерге тек теориялық білім ғана беріп қоймай, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндік берсе, олар өз саласында жаңашылдықтарды қолдануға және кәсіби дағдыларын шыңдауға мүмкіндік алады.

           3.Қазіргі заман талабына сай жабдықталған аудиториялар, зертханалар, кітапханалар мен электрондық ресурстар студенттерге сапалы білім алуға қолайлы жағдай туғызады.

           4.Шетелдік университеттермен байланыс орнату, академиялық алмасу бағдарламалары студенттер мен оқытушыларға басқа елдердің тәжірибесін үйренуге және өз біліктіліктерін арттыруға жағдай жасайды.

           5.Студенттерге академиялық тұрғыдан ғана емес, жеке қасиеттерін, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін курстар, тренингтер мен қоғамдық іс-шаралардың маңызы зор.

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті жоғарыда аталған факторлар негізінде жұмыс жасайды.Оқытушылар құрамының басты мақсаты- сапалы білім беру. Сапалы білім беру – жеке тұлғаның дамуына, оның кәсіби және жеке өмірде табысты болуына мүмкіндік беретін басты құралдың бірі. Бүгінгі күннің талабына сай сапалы білім беру тек кәсіби дағдыларды үйрету ғана емес, сондай-ақ тұлғалық даму мен әлеуметтік белсенділікті арттыруды да қамтиды.Сапалы білім алу арқылы жас ұрпақ әлеуметтік ортаға тез бейімделіп, бәсекеге қабілетті маман болып шығады. ҚазҰУ дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, заманға сай жаңғыруда. Студенттердің алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. Білімі мен ғылымы дамыған ел қашан да бәсекеге қабілетті. Себебі сапалы білім – еліміздің болашағы. Елімізде де білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы. Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана биікке шығатынымызды ескерсек, бұл мәселе ұдайы назарда болуы тиіс.

Қалымбек Б

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы

И.Ш

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушысы

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД өткен жылды қорытындылады

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде департамент бастығы әділет...

ҚАЖ қызметкерлері студенттерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық -атқару жүйесі департаментіне қарасты...

Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандардан психологиялық тест алынды

Қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу- қазіргі таңда...

В 2025 году в стране будет построено 19 млн кв.м. жилья

«Доступное жилье – это не мечта, а реальность, которую...

2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

«Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз»,...