Біздің кейіпкеріміз сегіз қырлы бір сырлы азамат Оразбаев Нұрсұлтан Прәліұлы 10 жылға жуық тылмен қамтамасыз ету бөлімінде еңбек етіп келеді. Өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жүрген Нұрсұлтан адамгершілігі мол, салмақты, ісіне тиянақты, өз жұмысын жақсы білетін білімді азаматтардың қатарынан. Ата-анасының тәлім-тәрбиесін бойына сіңіріп өскен Нұрсұлтан болашақта жақсы маман болуды армандайды.Оның жоғары білім алуына әкесінің мамандығының ықпалы болады.Әкесі Прәлі инженер -электрик болса, анасы мұғалім.Әкемнің жолын жалғасам деген арманымен жоғары оқу орнына түседі. Екі жоғарғы білімі бар инженер-техник, инженер-құрлысшы Нұрсұлтан, алғашқы еңбек жолын Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде бастайды. Қазіргі таңда №37 мекемесінде тыл бөлімінің бастығы қызметінде. Нұрсұлтан Прәліұлы басқаратын бұл бөлімнің негізгі міндеті — мекемедегі сотталған азаматтарды тамақпен, киім-кешекпен, жылумен және мекеме қызметкерлерінің де нысанды киіммен қамтамасыз етіп, мекеме құрылғылары мен құрал- жабдықтарына жауапты.
ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандардың тамақтануы ҚР ІІМ-нің 2023 жылғы 5 маусымдағы 448 бұйрығымен жүзеге асырылады.
Өз жұмысына жауапкершілігі мол Нұрсұлтан айтуынша, таңертеңгілік асқа ботқа түрлері,жұмыртқа берілсе,түскі асқа міндетті түрде,ыстық күйдегі сұйық және қою тағам беріледі.Ас мәзірінің құрамы, қыс,жаз айларына қарай жаңаланып,өзгеріп тұрады.Жазда жеңіл түрдегі,бірақ ағзаға пайдалы дәрумендерге толы көкөніс көбірек пайдаланса,қыста кенеулі,тойымды тағамдар беріледі. Және де,ағзаға қажетті балық,сүт тағамдары да,жиі беріліп тұрады. Диеталық мәзір№ 7А ,7Гнормасына сәйкес, тиімді тамақтанудың есебінен физиологиялық нормалардың негізінде құрылады. Таңғы астан бастап, кешкі асқа дейін олар жалпы және диеталық режимде тамақтанады. Мекемеге жазасын өтеуге жіберілген әрбі сотталғанға келген күннен бастап №9,11,12 нормаларына сәйкес төсек жабдық, гигиеналық заттары беріледі. Жеткізілушілерден өнімдерді сатып алу конкурстық негізде жүзеге асырылады.Азық-түлік тауарлары сапалы сертификаттармен келеді .
Өз жұмысымды жақсы көргенім соншалықты кейде шаршағанымды да ұмытып кетемін. Қандай іс тапсырылса да тыңғылықты, тиянақты жасағанды ұнатамын. Жақсы көрген жұмысыңа бару да үлкен бақыт,-дейді Нұрсұлтан.
Нұрсұлтан ұжым арасында өз ісіне тиянақты, жауапкершілігі бар қызметкер ретінде танылып, ҚАЖ департаменті бастығының, мекеме бастығының және Қызылорда қаласы әкімінің алғысхаттарымен марапатталған. Өз қызметін жақсы көретін, адамгершілік пен жауапкершілікті жоғары қоя білетін Нұрсұлтанның алар асуы алда екеніне сеніміміз мол.