“Жаназа рәсімдері” мекемедегі сотталған азаматшаларға кеңінен түсіндірілді

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты #79 әйел азаматшаларға арналған жалпы түзету мекемесінде, Атырау қаласы “Әр-Рахман” мешітінің ұстазы, “Шапағат” ҚҚ теолог маманы Н.Данаеваның ұйымдастыруымен әрбір мұсылман үшін керекті дүниелердің бірі — жаназа рәсімдері, мәйітті жуындыру, кебіндеу, орау әдептері көрсетілді.
Адам қандай жағдайда дүние салары бір Алланың қолында, кейде ерді, я әйелін жуындыратын адам табылмай жатқанда жақындарының кебіндеу жайлы білгені нұр үстіне нұр болмақ.​
Оның әдісі, тәртібі түсіндіріліп, шариғи шарттары айтылды. Тұңғыш рет өткен ерекше кездесу, тек теориялық емес, практикалық сауаттың дамуына да үлкен үлес болды.
КЕБІН – марқұмның денесін орайтын ғұрыптық киім есебіндегі ақ мата. Кебін сөзі арабтың кәфәнә сөзінен шыққан, ол «орауыш» деген мағынаны білдіреді. Кебінге жаңа немесе жуылған таза жұқа кездеме, дәке пайдаланылады. Кебінді кейде ақырет деп те атайды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай осужденные написали письма ветеранам Великой Отечественной войны

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...