Мекеме қызметкерлеріне лудомания бойынша ақпарат берілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37, №68 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне №60 мекемесінің психологы Моншақ Маханова соңғы уақытта қоғамның дертіне айналған өзекті мәселе лудомания бойынша ақпарат берді.
Дәріс барысында жеке құрам қызметкерлеріне лудомания ерекшеліктері, адамға зияны, мұның салдарынан біреу баспанасынан, көлігінен, тіпті ең жақын адамдарынан да айырылып жататынын, бұл адамның өмірін бұзатын ауыр, психикалық ауру екендігін түсіндірді. Аталған дертке ұшыраған адамның бойында әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтар құлдырап, адамгершілік қасиеттері жойыла бастайды. Қазіргі таңда көптеген жастар арасында оңай жолмен ақша табу, құмар ойындарға қызығу сияқты проблемалар көп кездесіп жатады. Біз құмар ойынның қандай орны толмас қайғы-қасіретке әкеле¬тінін білеміз, көзбен көріп, құлақпен естіп те жүрміз. Сондықтан құмар ойындарға тәуелділіктен аулақ болыңыздар»,-деді әділет капитаны Моншақ Маханова.
Дәріс соңында психолог маман жеке құрам қызметкерлерінің құмар ойындарға қызығушылықтарын анықтау мақсатында анонимді сауалнама алынды.

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің абыройы мен құқықтық мәдениетінің, ұлттық қауіпсіздік пен әскери рухтың негізі

Мемлекеттілік пен егемендіктің мызғымас діңгегі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының...