Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) негізгі мақсаттарының бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелерін ұйымдастыруда орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің және олардың ведомстволарының, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) қызметін үйлестіру болып табылады.
Мемлекеттік органдардың қызметінде мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының бұзушылықтардың алдын алу – ол профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, сонымен қатар семинар-тренингтер өткізу болып табылады.
Бұл ретте,Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Н.Б.Узбеханов Алматы қаласы әкім аппаратының әдеп жөніңдегі уәкілі М. Ахетовпен бірлесе отырып Алматы қаласы спорт және Алматы қаласы қоғамдық даму басқармалары құрамымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстағы этикалық нормалары қоғам тарапынан сенім қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығы туралы түсіндірілді. Азаматтарға құрметпен және сыпайылықпен қарау, сондай-ақ ашықтық пен әділдік қағидаттарына ерекше назар аударылды. Азаматтардың құқықтарын құрметтеу, құпиялылық және бейтараптық сияқты нормалар мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары стандарттарын қалыптастыруға көмектеседі.
Іс-шара барысында талқыланған маңызды мәселелердің бірі – жұмыс режимін сақтау болды. Мәселелерді мерзімінде орындау және лауазымдық міндеттерді бұлжытпай орындау міндетті болып табылатын жағдайда, жұмыс режимі маңызды рөл атқарады. Кешігу немесе себепсіз үзілістер сияқты бұзушылықтар мемлекеттік органдарға деген халық сеніміне кері әсерін тигізеді. Агенттік қызметкерлерге тәртіпті қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салумен қатар, кәсіби жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Бұдан бөлек мемлекеттік қызметкерлер арасында лудоманияның алдын алу, құмар ойынға тәуелділік (лудомания) жеке өмірге зиян тигізіп қана қоймай, қызмет бабын асыра пайдалануға да алып келуі мүмкіндігі айтылып, заңнамада қандай шектеулер бар екендігі толық түсіндірілді.
Департаментпен мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының бұзушылқтардың алдын алу мәселелері бойынша толық түсіндіру жүргізілді.
Сонымен қатар, Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Н. Узбехановпен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын мәселелер бойынша толық ақпарат ұсынылды.
Кездесуге қатысқан қызметкерлермен қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Мемлекеттік қызмет заңнамасы талаптарынаның бұзылуының алдын алу сұрақтары бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.
Н. Узбеханов
Мемлекеттік істер агенттігінің
Алматы қаласы бойынша
Департаментінің Мемлекеттік
қызмет саласын бақылау
басқармасының басшысы