Алматы облыстық ҚАЖД үздік психологты анықтады

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті Үздік пенитенциарлық психологты анықтады.

ҚР ҚАЖ психологиялық қызметінің құрылуының 25 жылдығына орай, Алматы облыстарының мекемелерінің психологтарының арасында байқау өткізілді.

Әділ қазылар алқасы қатарында Алматы облысының ҚАЖ ардагерлер алқасының төрағасы, «Жанұя» отбасы қолдау орталығының басшысы және азаматтық сектордың білікті психолог мамандары орын алды. Іс-шараның қонақтары Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы облысы бойынша өкілі және мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары болды.

Байқаудың нәтижесі бойынша №12 мекеме аға инспектор психолог әділет капитаны Айдана Тәңірбергенова «Үздік пенитенцарлық психолог» атанды. 1 орынды Мадина Нурханова, 2 орынды Аяна Минжанова, ал 3 орынды Нүргуль Ошибаева иеленді. Жеңімпаздар кубокпен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың қонақтары ҚАЖД басшысының алғыс хаттарына ие болды.

Іс-шара соңында қонақтар мен қатысушыларға арнайы кофе-брейк ұйымдастырылды.

«Байқауда «Үздік пенитенциарлық психолог» маманың анықтап, біз арнайы шақырылған азаматтық сектор білікті мамандарымен ҚАЖ психологтарының тәжірибе алмасуларына үлес қостық»,- деп атап өтті ҚАЖД бастығының м.а. Бақытжан Шәріпбеков.

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....