ҚАЖ қызметкерлері «Тәлімгерлерін» ерекше түрде ұлықтады

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеменің жас қызметкерлері өздерінің тәлімгерлерін «Еңбек күнімен» ерекше түрде құттықтады.
Абай облысында, №19 мекемесінің жас қызметкерлері өздерінің қылмыстық-атқару жүйесінде 20-25 жыл қызмет етіп келе жатқан тәлімгерлерін «Еңбек күнімен» ерекше түрде құттықтады.

Таңсәріде жиналған жас қызметкерлер өздерін, қызметке бейімделуге көмектескен, қызметтік өсулеріне ықпал еткен, іс-әрекеттерінің нәтижесіне баға беріп келе жатқан аға буын-Тәлімгерлеріне арналған игі тілектерін ақ қағаз бетіне жазып, әуе шарларына салды. Тілектер нақты бір адамға арналып жазылмағандығы, қызықты болды. Шарлар ішінен тілектерді алып оқыған тәлімгерлер, жас қызметкерлерге ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Еңбек күні ерекше маңызға ие. Адал еңбек еткен жандар бүгінгідей жас буын құрметіне бөлене біледі деп ойлаймын-дейді мекеме бастығы Аслан Нурбеков
Жақсы тәлімгер көптеген жақсы қасиеттерімен ерекшеленуі керек, деп ойлаймын. ҚАЖ-нде мекемеде жоғарғы деңгейде адалдыққа ие, тұтас мекеме жұмысы туралы жүйелі түсінігі бар, өзінің кәсіби қызметінде айтарлықтай тәжірибесі бар, тәлімгер болуға өзі ниетті қызметкер департамент бастығының бұйрығымен «тәлімгер» болып тағайындалады-деп бөлісті 25 жылдан астам еңбек өтілі бар мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...

Сотталған әйелдерге құқықтық қолдау көрсету және қайта әлеуметтендіру

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында әлеуметтік бейімдеу және...

КӨШПЕНДІЛЕР РУХЫ – СПОРТТА

Абай облысы бойынша орташа қауіпсіздік мекемесінде VI Дүниежүзілік көшпенділер...

Жеке сот орындаушыларының іс –әрекетін даулау

Талап қоюды беру тәртібі мен мерзімі Сот орындаушыларының әрекетін (әрекетсіздігін)...