КӨШПЕНДІЛЕР РУХЫ – СПОРТТА

Абай облысы бойынша орташа қауіпсіздік мекемесінде VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары-2026 аясында сотталғандар арасында спорттық-тәрбие іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, сотталғандардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру мақсатында өткізілді.
Жарыс бағдарламасына гір тасын көтеру, асық ату, тоғызқұмалақ, қой көтеру, арқан тарту және қол күрес сияқты ұлттық әрі спорттық сайыстар енгізілді.
Әрбір жарыс түрінде қатысушылар күшін, шапшаңдығын, ептілігі мен төзімділігін сынап, жеңіске деген жігерін көрсетті. Ал тоғызқұмалақ пен асық ату сияқты ұлттық ойындар қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті мен мергендігін шыңдауға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында спорт тек жарыс құралы ғана емес, тәрбие мен бірлікке бастайтын маңызды бағыт екені атап өтілді. Ұлттық спорт түрлері арқылы халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын насихаттау – өскелең ұрпаққа ғана емес, қоғамның әр мүшесіне ортақ міндет.
Осындай іс-шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың спортқа қызығушылығын арттыруға және жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұлттық спорт – ұлт рухының айнасы. Көшпенділердің дәстүрлі ойындары арқылы күш, бірлік, намыс пен жігер дәріптелді.

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

ПРОКРАСТИНАЦИЯ. ОТЛОЖИМ ЖИЗНЬ НА ПОТОМ

НАВЕРНЯКА МНОГИМ ЗНАКОМА СИТУАЦИЯ, КОГДА ВПЕРЕДИ ВАЖНОЕ ДЕЛО, СРОКИ...