Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті сапалы әрі жүйелі түрде ұйымдастыру, сондай-ақ алкоголизмнен, нашақорлықтан және психикалық және мінез-құлық бұзылыстарына байланысты сот шешімі негізінде мәжбүрлеп емдеу тағайындалған адамдарға медициналық-психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша алдағы кезеңге тиісті жұмыстарды жоспарлау көзделді.
Аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелендіру мақсатында аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара байланысты одан әрі нығайту, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және қажетті профилактикалық, диагностикалық әрі емдік іс-шараларды уақтылы ұйымдастыру мәселелері зерделенетін болады.
Осыған байланысты Қызылорда қаласындағы №6 емхананың терапевт мамандарымен бірлесіп, мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры М. Тұрымбетов, тәрбие бөлімінің бастығы А. Батырбеков және тәрбие бөлімінің психологы А. Мырзалының қатысуымен бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу жоспарлануда.
Жоспар аясында мәжбүрлеп емдеу тағайындалған сотталғандардың денсаулық жағдайын бақылау, медициналық тексерулерден уақтылы өткізу, емдеу шараларының орындалуын зерделеу, психологиялық жай-күйін бағалау, психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының алдын алу, сондай-ақ алкогольдік және есірткілік тәуелділіктің қайталану қаупін төмендетуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері қамтылатын болады.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының мамандарымен тұрақты өзара іс-қимыл орнату, қажетті жағдайда мамандандырылған медициналық ұйымдарға жолдау, медициналық ұсынымдардың орындалуын бақылау және емдеу процесінің нәтижелілігін зерделеу бойынша нақты шаралар қабылданады.
Жоспарланған жұмыстардың негізгі мақсаты – мәжбүрлеп емдеу тағайындалған адамдарға медициналық және психологиялық көмектің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз ету, олардың денсаулық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау және мекемеде емдеу-алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру.

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...

Сотталған әйелдерге құқықтық қолдау көрсету және қайта әлеуметтендіру

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында әлеуметтік бейімдеу және...

КӨШПЕНДІЛЕР РУХЫ – СПОРТТА

Абай облысы бойынша орташа қауіпсіздік мекемесінде VI Дүниежүзілік көшпенділер...

Жеке сот орындаушыларының іс –әрекетін даулау

Талап қоюды беру тәртібі мен мерзімі Сот орындаушыларының әрекетін (әрекетсіздігін)...

Қазақстан мен Франция театр өнері, музей және архив ісі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Парижде Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ҚР Мәдениет және...