12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот жүйесіндегі жаңашылдық – сенімнің негізі

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – артық уақыт пен қаржы шығындарын үнемдеу. Осыған орай сот жүйесі де жаңа бағытқа бет бұрып, қолмен жасалатын дүниелер сандық технологияның көмегімен іске асырылуда.

Осы мақсатта 2021 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 

Аталған құжатпен енгізілген жаңашылдықтардың бірі – эксаумақтық соттылықтың қолданысқа енуі болды.

АПК-нің 32-бабына сәйкес тараптар өзара келісім бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында осы іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгерте алады, эксаумақтық соттылықты таңдай алады.

Мысалы, талап қоюшы өзге өңірде, жауапкер істі қарайтын аймақта орналасуы мүмкін. Мұндай жағдайда тараптардың өтініші негізінде соттылықты өзгертуге мүмкіндік бар. 

2022 жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енген эксаумақтылық соттылық институты бойынша талап қою немесе азаматтық іс республиканың барлық соттары арасында бөлініп келеді.

Компьютерлік бағдарлама арқылы автоматтандырылған тәсілмен оның аумақтық орналасуына қарамастан, жүктемесі аз сот іріктеледі.

Оның негізгі мақсаты – алдымен азаматтарға соттылықты таңдау еркіндігі берілсе, екінші кезекте сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сот жүктемесін теңдей бөлу болып табылады.

Эксаумақтық соттылықты тараптар шартта немесе қосымша келісімде арнайы тармақпен белгілейді. Келісімді сот істі іс жүргізуге қабылдағанға дейін немесе істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін ресімдеу қажет.

Алайда, тараптар келісіп тұрса да айрықша соттылықты тараптардың келісімімен өзгертуге болмайтынын ескерген жөн.

Сонымен қатар, аталған өзгеріске сәйкес сотқа дейінгі хаттама институты өмірге келді.

Оның негізгі мәні – соттасушылық денгейін азайтып, дауды өзара келісіммен шешу болып табылады. Тараптар арасында қандай да бір дау туындағанда, сотқа жүгінбестен бұрын алдын-ала адвокаттардан не заң консультанттарынан кеңес алып, дәлелдемелерді жинап, істі сотқа жолдау жағы нақтылану керек.

Сондай-ақ, сотқа талап қою келіп түскеннен бастап азаматтық іс қозғалғанға дейін мәселені шешу сотқа дейінгі хаттаманың негізгі міндеті.

Себебі дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа олар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынады, онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі.

  Егер дәлелдемелерді ұсынған тұлғалар оларды істі сот талқылауына дайындау сатысында ұсынудың мүмкін еместігін негіздесе, дәлелдемелер сот талқылауы сатысында ұсынылуы мүмкін.

Осындай жаңашылдықтар қазіргі таңда соттарға да, тараптарға тиімді әсерін беріп келеді.

Себебі уақытты үнемдеу, артық сот рәсімдерін қысқарту, сотқа деген сенімді нығайту сот жүйесінің басты мақсаты болып табылады.

А.Әбілқайысқызы

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...