12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Таза сумен қамту басты мақсат!

Жыл өткен сайын әлем бойынша таза ауызсу мәселесі ушығып барады. Жер шарының жетпіс пайыздан астамын су алып жатса да, дүниежүзі бойынша таза ауызсу тұтыну мұң болып отыр. Соның ішінде біздің елімізде де жыл өткен сайын таза ауызсу мәселесі ушығып барады. Сондықтан халықты таза ауызсумен қамту мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынып жатыр. Сонау 2000 жылдардан бері тұрғындарды таза ауызсумен қамту мақсатында қолға алынған «Ақбұлақ», «Ауызсу» секілді мемлекеттік бағдарламалардың арқасында талай халықтың таза суға қолы жетті. Соның арқасында қазір елімізде ауызсуды тасып ішетін тұрғындардың саны азайып, одан қалды таза ауызсуға қолы жетпей отырған талай жанның алғысына бөлендік. Дегенмен ел үкіметі әлі де болса халықты таза ауызсумен қамту жұмыстарын жүргізе бермек.

Осы орайда айта кететін жайт, БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, жер шарындағы халықтың тең жартысы су тапшылығын сезініп, әлі күнге суға қолжетімсіз күйде отыр екен. Гидрология мамандарының сөзінше, екі миллиардқа жуық халыққа таза ауызсу арман көрінеді. Ал осындай жағдайда ел Үкіметінің жаппай халықты таза ауызсумен қамтуды мақсат етіп, жыл сайын осы мақсатта миллиондаған қаржы бөліп, арнайы мемлекеттік бағдарламалар қабылдауы көңіл қуантады. Халықтың таза ауызсумен қамтылмауы көптеген әлеуметтік мәселелердің туындауына алып келеді. Әсіресе денсаулыққа кері әсер етіп, антисанитариялық жағдайдан түрлі жұқпалы аурулар тарап жатқан жайттар аз емес. Соның бір мысалы терапевт Айнаш Уәли «су тіршілік көзі» деп бекер айтпайды дейді.

Айнаш Уәли, Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты №10 емхананың терапевт дәрігері:

— Су адамның өмір сүруіне қажетті ең басты тіршілік көзі. Тіпті адам ғана емес барлық жыбырлаған, қыбырлағанның барлығы сусыз өмір сүре алмайды. Кез келген ағзаның өмір сүруі үшін алдымен ауа, екінші су керек. Жалпы адамзат сусыз өмір сүре алмайды. Сондықтан оның адам денсаулығына тікелей қатысы бар. Мәселен таза ауызсу қолжетімсіз Африка елдерінде түрлі жұқпалы аурулар өте көп. Соның салдарынан талай кішкентай сәбилер қынадай қырылып қалып та жатыр. Сондықтан ел билігінің халықты таза ауызсумен қамту мақсатында ондаған жылдар бойына бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылдап, осы мәселеге арнайы көңіл бөліп отырғанына маман ретінде қуанамын. Қазір мемлекеттің осындай тырысуының арқасында талай өңір таза суға қарық болып отыр. Мәселен онсыз да экологиялық жағдайы ушығып тұрған Қызылорда облысына қарасты Арал қаласының суы қайбір жылдары қатты ащы суға айналды. Теңіздің тартылуы, жердің тұздануы, теңіз суының қатты тұзды болуы ауызсуға да әсер еткен секілді. Ауызсу халыққа қолжетімсіз болы, 40 мыңдай халқы бар қала тұтастай сусыз қалды. Халық бір кездері судың кезегіне тұрып, тұщы су үшін көше көше болып шұбырып та жүретін. Үйлеріне флягтап су таситын. Талай үй су тапшылығын көрмес үшін аулаларынан цементтеп су құятын жер қазып алды. Таласып тармасып сол жерге су жинап алатын. Одан қалды су таситын арнайы көліктер де болатын. Халық солардан су сатып алған күндері де болды. Кейін мемлекеттің араласуымен қала тұрғындарына бұлақ суы тартылды. Тұтастай бүкіл үйлердің ішіне су кіргізіп беру жұмыстары жүрді. Қазір қала тұрғындары бұрынғыдай таза су үшін әбігерге түспейді. Суы дәмді, таза, әр үйдің ішіне дейін кіргізіп берді. Бұл ауызға айта салуға оңай болғанымен, бір қаланың халқын таза ауызсумен қамту оңай емес. Қыруар қаражат бөлініп, бірнеше жылдап жергілікті биліктің араласуымен таза ауызсу қолжетімді болды. Онсыз да теңіздің түбінен ұшқан тұзы қала тұрғындарының денсаулығына  кері әсер етіп жатқанын ескерсек, ең болмаса қала тұрғындарының 100 пайыз таза ауызсумен қамтылуы үлкен мәселенің шешімі болғаны рас. Егер су болмағанда соншама халық босып кетер еді, облыс көлемінде аудан статусынан жоғары қала болып отырған ауыл халқын шашыратып алушы едік. Ең бастысы қала тұрғындарының денсаулығына оң әсер ете алдық. Осы таза ауызсудың нәтижесінде бұрынғыдай емес іш сүзегі секілді қауіпті аурулардан арылып, балалар арасында ішек инфекциясы бұрынғыдан бірнеше есе азайды. Бұл ауыз толтырып айтатындай көрсеткіш. Таза ауызсу бүкіл ағзаның саулығын құрайды. Ағзада су жетіспесе тері тез қартайып, буындар ауырады. Тіпті ағзаға су жетіспесе тырнақ пен шаш та сынғыш келеді. «Ауырмауды қаласаң су іш» деген тәмсіл тегін емес. Осы орайда еліміздің таза ауызсумен қамтуға тырысуының маңызы зор.

Мамандар осылай дейді. Одан асырып ештеңе айта алмаспыз. Ең бастысы таза ауызсудың маңыз зор екенін ұғынсақ болғаны. Сондықтан еліміз таза ауызсумен қамту бағытында қандай шаралар атқарып жатыр дегенге тоқтала кетсек, 2011 жылы басталған халықты таза ауызсумен қамтуға арналған «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы 2020 жылға дейін созылды. Бұл мемлекеттік бағдарлама аяқталғанымен жалғасын тауып бәрібір шалғай жатқан елдімекендерге дейін су желілерін тартып, халықты таза сумен қамту жұмыстары жалғасын таба берді.

Атап өтер жайт, елімізде су мәселесі ешқашан ұмыт қалған емес. Тіпті еліміз бойынша жерасты су ресурстары түгелімен зерттеліп, гидрогеологиялық картасы жасалған. Яғни аталмыш гидрогеологиялық карта бойынша еліміздің қай өңірлерінде су қоры бар, қай жерден, қандай су, қанша тереңдіктен су шығатыны, жерасты қорындағы судың мөлшері мен жарамдылығы қаншалықты деген мәселелердің барлығы көрініс тапқан. Еліміздегі пайдаланылатын суды техникалық су мен ішуге жарамды таза ауызсу ретінде бөліп пайдаланылып, барынша ауызсу қорын сақтау мәселелері де қарастырылып отыр.

Өйткені трансшекаралық су мәселелері ушығар болса тіпті халықаралық дау жанжалдардың да ушығу қаупі болғандықтан қазірден бастап елдегі ауызсу қорларын мұқият пайдаланып қана қоймай, халықты суға үнемді, қамқорлықпен пайдалануды үйрету үрдісі де жатыр. Сондықтан қазіргі таңда бірқатар өңірлерде суды тұщыту жүйелері іске қосылған. Мәселен Маңғыстау облысындағы таза ауыз судың тапшылығы соңғы жылдары ушығып кетті. Сондықтан қазір аталған өңірде суды тұщытудың бірнеше қондырғысы қондырылып, халықтың қажетіне жарап жатыр. Бұл туралы  Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Бұл мәселе біздің бала кезімізден бері бар болатын. Өзім осы Атырау облысына қарасты Бейнеу ауданының тумасымын. Бала кезімізде құдығымыз болатын, сол құдыққа су толтырып, содан су ішетін едік. Қазір тіке желілер барды ол ауданға. Арнайы су тартылған. Сондай ақ бұрын Ақтау қаласында ас үйдегі су бөлек, жуынатын бөлмедегі су бөлек құбырмен келетін еді. МАЭК деген мекеме екі түрлі су шығарып отырды: техникалық су және ауызсу. Кейін халықтың әл-ауқаты жақсарғанының көрсеткіші деп есептеймін, техникалық судан толықтай бас тартып, жуынатын жеріне де, ас үйіне де ауызсу құбырларын тартып алды. Қазір МАЭК ауызсу шығаруға көшіп кетті. Мүмкіндігінше тұрғылықты халықты ауызсуме қамтуға тырысып жатырмыз. Қазір халық санының өсуіне орай кішкене бұл су тапшылық етіп тұр. Дегенмен алдағы уақытта жағдайды дұрыстауға тырысып жатырмыз. Ауызсу мәселесін шешу қазіргі таңда басты мақсатымыздың бірі болып отыр. Халыққа жағдай жасау күнделікті тұрмыстық мәселелерін шешіп беруден басталады. Соның ішінде ауызсу мәселесі бұл өңірде басты мәселе болғандықтан, қазір бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселелер қатарында. Қазір осы мақсатта көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр» дейді.

Атап өтер жайт, мемлекеттік бағдарламалармен одан қалды жергілікті атқарушы билік өкілдерімен, түрлі кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жұмыстары аясында бұл мәселелер шешіліп жатыр. Яғни халықты ауызсумен қамту үшін түрлі жолдары қарастырылып жатыр. Мемлекет тарапынан мемлекеттік бағдарламалар арқылы, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында түрлі жолдармен тұрғындарды таза ауызсумен қамту жұмыстары жүзеге асып жатыр. Негізі мамандардың айтуынша еліміздің барлық аумағында ішуге жарамды тұщы және аздаған ашқылтым жерасты суларының табиғи және қолданылмалы ресурсы өте мол. Тек оларды өз орнымен қолдана білсек болғаны.

 Қазіргі таңда мүлде  жерасты тұщы су қоры жоқ елдер әртүрлі жолдармен тұзды теңіз суын тұщытуға, жерасты су қорын толтыруға тырысып жатыр. Олармен салыстырғанда өзімізде бар қордың шырайын шығарып пайдалана алсақ болғаны.

Осы орайда шалғай жатқан ауыл халқымен де тілдесіп, қазіргі уақыттағы таза ауызсумен қамтылған халықтың жағдайын білуге тырыстық. Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылының тұрғыны Балхаш Қонақбаев «таза судың орны бөлек» дейді. «Негізі бұрын халық өз бетінше құдықтар қазып алып, оны шеңгелмен жан жағынан бекітіп алып пайдалана беретін. Халықтың 3 метрден артық қазуға шамасы жетпейді. Халықты таза ауызсумен қамту Кеңес одағының кезінің өзінде болмады. Халық малына су тауып беру үшінде, ауызсу үшін де өздері тырысатын. Әлгі 3 метрлік құдықтар, су көздері жабылып көп ұзамай су жиналмай қоятын. Ал қазған соң айналасын шеңгелеудеуге кеткен екі тележка отынның барлығы пайдаланусыз жерастында қалатын. Оның барлығы үлкен шығын. Дегенмен су тіршілік көзі болғандықтан, амалсыз халық қолдан құдық қазып алуға тырысатын. Былтырғы жылға дейін таза ауызсуды ауыл сыртынан есекпен тасып ішіп келдік. Ауызсуды ауыл сыртынан, ал мал суаруға үйге жақын еңістеу жерден қазып алып пайдаланып келдік. Кейде мал суарсақ үйге су жетпей қалатын, судың тапшылығыынан кір жууға қардың суын ерітіп пайдаланған кезіміз де болды. Құмның ортасында отырғандықтан көп су тапшылығын сезіндік. Бірақ былтырдан бастап мемлекеттің араласуымен бұл мәселе толығымен шешілді. Енді бұрынғыдай таза ауызсуды қала сыртынан тасымаймыз. Есіктің алдынан мемлекеттік бағдарлама аясында тас шеңберлер арқылы 32 метр тереңдіктен шыққан суды ішіп отырмыз. Осыған дейінгі өзіміз қазып алған құдықтан шыққан судың санитарлық талаптарға қаншалықты сай екені де тексерілмейтін. Үш метр тереңдіктен шыққан су негізі ішуге жарамды тереңдіктен, әжетхана қалдықтарына жақын емес аумақтан, шығып жатқанына ештеңесіне мәән бермейтінбіз. Негізі ішуге жарамды ауызсу көздері тым тереңде екен. Өте тереңнен шыққан су тастай суық және тым тәтті болады екен. Соны сезініп қуанып қалдық. Осындай халыққа мүмкіндік туғызғаны үшін осы салаға жауапты мамандарға алғысымыз шексіз. Атап өтер жайт, бұрын ауыл ішіндегі құдықтан шыққан су адам түгілі малға да жетпей жататын. Ал қазір сол мемлекеттің қазып берген құдығы бүкіл ауылға, малымызға да жетіп отыр. Су тапшылығын бұрынғыдай көре берсек, халық осы уақытқа дейін ауылда қалмай көшіп те кетер ме еді. Қазір суды емін еркін пайдаланып, таза ауызсуға қолымыз жетіп қуанып отырмыз» дейді.

Ауыл халқының ғана емес соңғы жылдары қала халқының да таза ауызсуға қолжетімділігі арта түсті. Мәселен Алматы қаласының Наурызбай ауданына қарасты Ақжар шағын ауылының халқы бұрын үнемі суды тасып ішетін. «Қалада тұрсақ та ауылдағыдай жағдай болатын тұрмыс тіршілігіміз» дейді Ақжар ауылының тұрғыны Айдын Әділет. «Жаздай суды сатып алып ішетінбіз. Немесе түнгі 03:00-04:00 терде тұрып бүкіл баклашка секілді ыдыстарға су толтырып алатынбыз. Кейін мұны жұрттың бәрі біліп алып түнде су толтырып алатынды шығарды. Сонымен мүлдем сусыз қалатын болдық. Бау бақша туралы айтудың өзі мүмкін емес, ауызсуымыз мұң болатын. Талай рет журнаилстер шақырып, әкімге де кірдік, көше көше болып арыз жазып, құзырлы орындарға жолдадық. Бірақ әлеуметтік мәселеміз шешілмеді. Кейін халық өз күнін өзі көріп машинамен алдыртып суды сатып алып ішетін болды. Қаладан қайтып келе жатып халық суды тасып ала келетін болды. Сөйтіп әйтеуір өлместің күнін көріп жүргенде бөлек Наурызбай ауданы болып құрылдық. Бөлек аудан болып құрылғалы жолдарымыз салынып, су мәселесі де шешіле  бастады. Қазір осы Ақжар ауылына арнайы су жүйесі салынып, арнайы қондырғы арқылы таза ауызсу қолжетімді бола бастады. Талай жылғы мәселеміздің осылай мемлекеттің араласуымен шешіле бастағаны қуантады. Сондықтан мемлекеттің халықты таза ауызсумен қамтуды ұмытпай, басты назарға алып отырғаны қуантады» дейді.

Одан бөлек тұрақты түрде қалалық жердегі ауызсулардың сапасы талапқа сай болуы үшін зарарсыздандыру жұмыстары да қолға алынған. Ал кәріз суларын қайта өңдеуден өткізу арқылы егістік мақсатта қолдану жұмыстары да жүріп жатыр. Егістіктерге суды беталды бағыттамай тамшылатып суғару, егістік көлемін азайтқанмен, жалпы өнім көлемін түрлі әдістер арқылы арттыру секілді жұмыстардың барлығы еліміздегі су қорын үнемдей отырып, халықты таза ауызсумен қамту мақсатында атқарылып жатқан шаралар.

Атап өтерлік жайт, халықты таза ауызсумен қамту мемлекеттік бағдарламасы қолға алынғалы бері суды тасып ішетін халық саны да екі есе азайған. Ал халықтың таза ауызсумен қамтылу деңгейі біршама өскен. Сандарды сөйлетер болсақ, қазіргі таңда үйлеріне су тартылған халық саны 80 пайызға жуықтаған. Бұл әрине таза, ішуге жарамды таза ауызсу. Бұл ондаған жылдар бойы халықты таза ауызсумен қамту мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың арқасы екені даусыз. Соңғы жылдары судың жетіспеушілігі салдарынан құрғақшылық орнайтыны да жиі айтылады. Алайда мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шаралардың барлығы экономика салаларында суды үнемдеу, су ресурстарын пайдалануды оңтайландыру жұмыстары арқылы еліміздің бұл мәселені оңтайлы шеше алатыныны сендіреді.

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...

«Заманға сай жасstar!»

Жазалы жасөспірмдер арасында «Заманға сай жасstar!»  атты көңілді  тапқырлар...

СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде аса ауыр...