СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде аса ауыр және ауыр қылмыс жасаған балалар жазасын өтейді. Аталған мекемеде жасөспірімдердің денсаулығын қадағалау және емдеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Маман дәрігерлердің айтуынша мұнда алғаш келген балалардың арасында жүйке жүйесі сыр беретіндер жиі кездеседі екен. Олармен психологтар жұмыс істеп, психиатр бақылауына алынады. Қажет болған жағдайда аумақтық дәрігерлермен бірге ем-шара тағайындалады.
«Сотталған балалардың арасында жиі кездесетін аурулар – суық тию мен бүйрек аурулары. Қазіргі балалар түрлі күмәнді сусындар ішетіндіктен бүйрек ауруларынан жиі зардап шегеді. Сондай-ақ созылмалы аурулары бар балалар да кездеседі. Олар бостандықта жүргенде жастықпен өз денсаулықтарына соншалықты көңіл бөлмейді де, колониядағы дәрігерлік тексеру кезінде анықталып жатады.
Біздің медициналық бөлім Алматы қаласындағы №24-ші емханамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Қандай ауру болмасын ультра-дыбыстық зерттеу арқылы анықталып, емдеу шаралары жүзеге асырылады»-дейді Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің дәрігер эпидемологы Сейілхан Таласбаев.
Жуырда сотталған балалар толықтай профилактикалық тексеруден өткізілді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы № 174 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізілген профилактикалық тексеру жұмыстарына №24 қалалық клиникалық емханасының дәрігерлері қатысып, балаларды көз және құлақ-мұрын дәрігерлері, невропотолог, уролог, эндокринолог, психиатр, стомотолог және терапевт дәрігерлер тексерді.
Тексеру барысында сотталған балалардың барлығын ультрадыбыстық-зерттеулерден өткізу жұмыстары ұйымдастырылды.

ПЕРЕДВИЖНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ КОМПЛЕКСЫ ПРОВОДЯТ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЖИТЕЛЕЙ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

Два передвижных медицинских комплекса (ПМК) Алматинской региональной многопрофильной клиники...

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУДЕ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының екі жылжымалы медициналық кешені осы...

«Тәуелділік – үкім емес»: Алматы облысында тәуелділіктен арылуға қалай көмектеседі?

Наркотикалық және алкогольдік тәуелділік – адамның денсаулығына ғана емес,...