«Халықаралық Нельсон Мандела»  күніне орай жазалы жасөпірімдерге дәріс өткізілді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы қаласы, №11 мекемесінде  САӘПТЖБ карантин бөлімінің бастығы әділет  лейтенанты   Еркешов Дамирдің  ұйымдастырумен жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында «Нельсон Мандела» күніне орай, «Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы Конвенция» туралы дәріс өткізіліп, түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Дәрісте кәмелетке толмаған сотталғандарға-Халықаралық Нельсон Мандела күнін БҰҰ Бас Ассамблеясы 2009 жылдың қарашасында (64/13 қарар) бекіткен және жыл сайын 18 шілдеде Оңтүстік Африкадағы апартеидке (нәсілдік кемсітушілік) қарсы ең танымал күрескерлердің бірінің туған күнінде атап өтілетіні өмірі және Халықаралық мерекелер күнтізбесінде жаңа күн Африканың бұрынғы президентінің бейбітшілік пен бостандыққа қосқан үлесін мойындау үшін пайда болғаны, түсіндіріліп  жазалы жасөспірімдерге толық жеткізілді.  Сонымен қатар «Нельсон Манделлаға» күніне  жазалы жасөспірімдер сурет салып, қабырға газетіне өздерінің тілектерін жеткізді. Осындай іс шараның жоспарға сәйкес жиі өткізілуі САӘПТЖБ бастығының  уақытша міндетін атқарушы  әділет капитаны Бекзат Жаканов,  қазіргі  уақытта жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың  алдын-алу,қылмыстың өсуіне жол бермеу және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс әрекеттен аулақ болуға үшін өтетін үлкен халықаралық іс шара екені туралы атап өтті.

                                                                     Еркегүл Жеңісхан, №11 мекеме

                                                                    

Полиция Алматы усиливает контроль за грузоперевозками

В рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» и реализации принципа...

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтуде

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Заң және тәртіп» қағидатын...

Мемлекеттік тіл және сот жүйесі

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік...

Сотталушы адамның іс-әрекетін саралау, қылмыстың қайталануы түрін анықтау мәселесі

     Қылмыстық сот өндірісінде сотталушының іс-әрекетін дұрыс саралау және...

AFM AI Hackathon 2026: қаржылық қылмыстарға қарсы технологиялар

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі әл-Фараби ҚазҰУ бірлесе IT-мамандарды,...