Пробация есебіндегі тұлғалар Қорқыт ата кешеніне барды

Пробация есебіндегі азаматтар түркі дүниесінің қайталанбас дара тұлғасы Қорқыт атаның жамбасы тиген қасиетті мекен Қармақшы жеріндегі Қорқыт ата кешеніне барды. Кешеннің меңгерушісі мен қызметкерлері қонақтарды қарсы алып, кешеннің мұражайының экспонаттарымен таныстырды. Қонақтар Қорқыт ата туралы аңызбен әңгіме мен кешеннің тарихы жөнінде біраз мағұлмат алып, жақсы әсерге бөленді. Іс-шараның мақсаты пробация есебінде тұрған азаматтардың рухани байлығын арттыра отырып, оларды өмірге деген көз қарасын қалыптастыру.

Бүгінгі шарада түркі жұртының ортақ абызы Қорқыт Ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы ауқымды мәліметтер мен аңыз әңгімелер тыңдап, рухани азық алдық.Негізі өзім мәдени шараларға жиі қатысамын. Туған жеріміздегі белгілі адамдармен мен тарихи ескерткіштердің тарихын білу біздің міндетіміз, — деді сотталған азамат. Іс-шараны Ораз Ахун қоғамдық қорымен Қармақшы аудандық пробация қызметі бірлесіп ұйымдастырды.

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...