spot_img
spot_img

«Әдеп басы — тіл»

Біз қазақ деген ұлы халықпыз. Тілімізде, дінімізде тек қана өзімізге тән. Ұлттық қасиет, ұлттық тәрбие — ол тек қазақ тілінде. Ана тілінің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Тіл туралы жазудан, тіл туралы айтудан да жалықпауымыз керек.                         

 Өз тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу — қаны қазақ баласының бірден бір міндеті. Тіл құндылығын заманнан-заманға, адамнан-адамға жеткізуші де — бүгінгі ұрпақ. Әрбір патриот жан елі, жері, тілі, ұлты үшін тер төксе, адал болып құрметтесе, біздің елдігіміздің баянды болғаны. Сауатты ұрпақ — ол өз ана тілінде ойлап, өз тілінде еркін сөйлей, алатын, қазақша еркін жазып, оны еркін меңгерген ұрпақ. Сондықтан да ана тілінің шырайын түсінетін, өз тілімен жазып, өз тілімен сөйлескен ұрпақ өз ұлтының құндылығын ешуақытта жоғалтпайды.

Тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Себебі қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары бар. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүруін тоқтатқандар. Оған басты себеп сол ұлттың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады.

Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нысаны  мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл   тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі. Сондықтан да, ол ұлттың өзгеден даралығын анықтайтын жалғыз да айрықша белгісі. Қай ұлт болсын тілі арқылы ғана ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады. Біздің ана тіліміз ең бай тіл. Қай елдің болмасын негізгі мәселесі осы ана тілі болмақ.

 ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген Республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ірі министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың ішіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны — қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі -ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау. Іс қағаздарын қазақша жүргізу — мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Тіл тұтастығын жоғалтып алсақ оны қайта құрастырушы   халық. Қазақ тілі   жеке бір қазақ адамның тілі емес, барша мемлекеттің ортақ тілі.  Тілді біз ананың ақ сүтімен бесікте жатқан да ақ бойымызға сіңіреміз. Біз өз тіліміздің қаншалықты бай екендігін өзгелердің көзінше қиналмай-ақ жеткізе аламыз. Таза, мәнерлеп, сөздің майын тамыза сөйлеу арқылы сен өз тіліңді қандай дәрежеде құрметтейтініңді дәлелдей аласың. Тарихымыз, өткеніміз қаншалықты құнды болса, тіліміз де соншалықты құнды болмақ.

Тараз қаласының мамандандырылған

тергеу сотының бас маманы

Д.Шубай

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...

«Заманға сай жасstar!»

Жазалы жасөспірмдер арасында «Заманға сай жасstar!»  атты көңілді  тапқырлар...

СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде аса ауыр...