«Міндетті түрде халықтық жауапқа тартылуы керек: депутат Назарбаев жайлы ойын айтты

Парламентте лоббистер бар. Тіптен жекелеген топтардың мүддесін қорғайтын шенеуніктер билікте аз емес. Парламент Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи Qazaq Airan ютуб каналына берген сұхбатында осылай деді. Оның сөзінше, Мемлекет басшысына бұрмаланып жететін ақпараттар да аз емес.
«Лоббистік топтар парламентте ғана емес, атқарушы билікте, тіпті президенттің маңайында бар. Мәселен, лудоманияға байланысты талқыланып жатқан заңда, нашақорлық, вейп дейді, соған байланысты қазір бізде талқылауда өтіп жатқан заң жобаларына байланысты лоббилік топтардың әрекеті өте күшті. Мәселен, депутаттар ұсынған бірқатар маңызды деген нормаларға өле түрегеліп қарсы болып жатқан топтар бар. Әрине, президент біреу. Оған жан-жақтан түсіп жатқан ақпараттар көп, бұрмаланған ақпараттар көп. Тіпті президентке заңның концепциясын бұрмалап жеткізетіндеп бар. Оны өзім көріп те, сезіп те жүрмін. Парламенттің ішінде де сондай лоббилік топтар бар. Қоғам өзі тірі организм болған соң, мүдделі топтардың, мүдделі бизнестің мүддесі болған соң бұл қалыпты жағдай деп ойлаймын», -деді Ермұрат Бапи.
Ширек ғасыр оппозицияда жүріп, Парламентке өткен депутат экс-президент туралы да пікір білдірді. Оның сөзінше, Назарбаев авторитарлы билік құрып, қазақ елінің ерік жігерін жаншыған.
«Назарбаев мен үшін пенсионер. Назарбаевтың кім екенін анықтау үшін бізде люстрациялық саясат жүру керек. Біздің елді 30 жыл басқарып, Назарбаевтың авторитарлы билігі Қазақстанда қазақ халқының ерік жігерін жаншыған, қаңқасын сындырған. Авторитарлы билік иесі болды. Қазір біз Назарбаевтың билік заманының жемісін жеп жатырмыз. Халықтың тоқырауға тап болғаны, рухани тұрғыда тоқырауға тап болуы, ауылдың қалаға дүркірей көшуі, жұмыссыздық, әділетсіз жекешелендіру, жеке басқа табыну, бір адамның жеке дара билігі сияқты жүйе біздің қоғамда ізін салып кетті. Назарбаевтың 30 жылғы билігін саралай келгенде айтатыным, міндетті түрде халықтық жауапқа тартылуы керек», — деді депутат.

«Заң және тәртіп», инклюзия және сайлауды цифрландыру: партиялар қандай тақырыптарды талқылады

Демалыс күндері партиялар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып,...

«Закон и порядок», инклюзия и цифровизация выборов: какие темы обсуждали партии

В выходные партии продолжили встречи с жителями и трудовыми...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди осуждённых прошёл айтыс

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди...

АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлттық жазба...