«Отбасы Банк» ипотекалық бағдарламалары бойынша семинар өткізді

Семинар Алмалы ауданыны комьюнити орталығының ұйымдастыруымен, жастарға қаржылық саласынан ақпараттандыру мақсатында өткізілді.

Семинар барысында жастар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап тауып қана қоймай қаржылық сауаттылық және жастарға арналған бағдарламалар туралы ақпараттар алды.

Семинар қаржы және инвестициялар саласындағы жетекші сарапшылардың презентациялары мен практикалық сабақтарын қамтыды. Қатысушылар бюджет, зейнетақы жинақтарын жоспарлаудың,жылжымайтын мүлікке инвестициялаудың инновациялық тәсілдерімен танысты, сондай-ақ спикер салық шығындарын азайту бойынша кеңестерімен бөлісті.

«Жастарға осындай тақырыптағы семинарлар қазіргі таңда қажет. Семинар жастарға тек қаржылық сауаттылық, инвестиция туралы ақпарат қана емес, алдағы өмірде керек болатын кеңестер алуға мүмкіндік сыйлайды. Қазіргі таңда жастар инвестиция немесе жастарға арналған әртүрлі бағдарламалар туралы біле бермейді. Семинар арқылы осы ақпараттан хабардар болуға болады. Сонымен қатар семинар барысында пікір алмасуға, сұрақтарға жауап алуға болады.» — дейді Отбасы банктің бизнесті дамыту жөніндегі менеджері  Тлебалдиев Алишер.

​ Семинар жастарға тұрғын үйді қаржыландырудың қолжетімді нұсқалары туралы көбірек білуге және банк мамандарына сұрақтарын қоюға тамаша мүмкіндік болды.

Региональный кадровый резерв города Алматы: путь к профессиональному успеху

Момент зачисления в резерв: что изменилось в вашем восприятии...

Алматыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

2026 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында «Адал азамат» тұжырымдамасын...

В Алматы стартовала Спартакиада среди государственных служащих

20 июня 2026 года в Алматы стартовала традиционная спартакиада...

ПРОВЕДЕНО ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

В соответствии с повесткой дня были заслушаны результаты мониторинга...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін «е-Қызмет» жүйесінде...