Балалар үйінің тәрбиеленушілері «Гарфилд 2024» мультфильмін тамашалады

Ағымдағы жылдың 5 маусым күні №1 Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кинотеарға саяхат ұйымдастырылды.

Іс-шара «Әлеуметтік шеберхана» жобасының қызметін іске асыру шеңберінде, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға қуаныш сыйлау мақсатында өткізілді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері көрсетілімде жүріп жатқан «Гарфилд 2024» мультфильмін тамашалап, попкорн және тәтті сусындардармен дәм татты.

 «Баларға аталмыш мерекеде бақыт пен қуаныш сыйлау тек мейірімділік пен жомарттық әрекеті ғана емес олардың толыққанды дамуы мен бақытты балалық шақтың маңызды элементі. Бұл іс — шарамыз балалар мен ересектер арасында берік байланыс орнатып, сенім мен өзара қамқор байланысқа ықпал етеді. Сонымен қатар балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кинотеатрға саяхат тек ойын-сауық шарасы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік интеграция, психологиялық қолдау және қоғамдық жауапкершілік болып табылады.» — дейді жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директор м.а. және «Әлеуметтік шеберхана» жобасының авторы Бағдат Анарбаева.

​Кинокөрсетілімнен кейін балалармен тілдесіп, алған эмоцияларымен бөлісіп ұйымдастырушылар балаларға арналған шағын сыйлықтарын табыстады.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...