Маңғыстау облысында ауызсу мәселесі шешімін тауып жатыр

«Халық» қайырымдылық Қоры Маңғыстау облысындағы әлеуметтік жобаларға ерекше мән береді.

Сондай жобалардың бірі — тұзсыздандыру жүйесін іске қосу, себебі Маңғыстау облысында тұщы су мәселесі өте өзекті. «Халық» қайырымдылық қорының арқасында 2023 жылы сынақ жоба ретінде Жаңаөзен қаласында қант құмай өсіру мүмкіндіктерін анықтау үшін тұзсыздандыру қондырғысы іске қосылған болатын. Артынша әкімдік тұщы сумен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешуге жәрдемдесуді сұрап, «Халық» Қорына жүгінді. «Халық» қоры 300 миллион теңге бөліп, Сайын Шапағатов ауылында заманауи тұзсыздандыру қондырғысын орнатып, оны әкімдік балансына берді.

        19 маусымда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен Ақтау маңындағы Сайын Шапағатов ауылында тұзсыздандыру қондырғысы іске қосылды, ол 25 000 тұрғынды тұщы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ашылу салтанатында өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай бұл бастаманы қолға алып, қаржы салған «Халық» қайырымдылық қорына Маңғыстау тұрғындарының атынан алғыстарын жеткізді.

Тұзсыздандыру қондырғысы кері осмос принципі бойынша жұмыс істейді, онда жартылай өткізгіш мембраналар ластаушы заттарды бөгеп, су молекулаларының еркін өтуіне мүмкіндік береді. Бұл 98-99% еріген қатты заттардан, микроорганизмдерден және химиялық қосылыстардан арылуға мүмкіндік береді, ал бұл суды тазартып, ол суды ішу қауіпсіз болады.

«Сайын Шапағатов ауылында 2023 жылдан бастап құны 300 миллион теңге болатын үлкен қондырғының құрылысы жүргізілді — бұл қондырғы Сайын Шапағатов ауылындағы 25 000 тұрғынды, сонымен қатар, көршілес Ақшұқыр ауылын да тұщы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, олар үшін қондырғы тәулігіне 6 500 текше метр тұщы су өндіреді – мұның бәрі үздіксіз жұмыс істейтін заманауи тетіктердің арқасында мүмкін болып отыр», — дейді «Халық» Қорының  басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов.

Айта кетейік, «Халық» Қоры 2023 жылдан бері Маңғыстау облысының дамуына 4,5 миллиард теңге бөлген: оның 1,8 миллиарды — Бейнеу астық терминалының жұмысын қайта жандандыруға, 580 миллион теңгесі — тұзсыздандыру жүйелерін орнатуға, 530 миллионы — балаларға арналған 60-тан астам спорттық-аула объектілерін салуға, 1 миллиард теңгесі Жаңаөзенде ауданы 4 гектар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін құруға бөлінген. Сонымен қатар, 500 миллион теңге Бейнеу ауылындағы үш мектепті материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға бөлінді.

Жалпы Динара және Тимур Құлыбаевтар құрған «Халық» қайырымдылық Қоры  2016 жылдан бері бүкіл Қазақстан бойынша 85 миллиард теңгеге қайырымдылық көмек көрсеткен.

Региональный кадровый резерв города Алматы: путь к профессиональному успеху

Момент зачисления в резерв: что изменилось в вашем восприятии...

Алматыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

2026 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында «Адал азамат» тұжырымдамасын...

В Алматы стартовала Спартакиада среди государственных служащих

20 июня 2026 года в Алматы стартовала традиционная спартакиада...

ПРОВЕДЕНО ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

В соответствии с повесткой дня были заслушаны результаты мониторинга...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін «е-Қызмет» жүйесінде...