12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бұланды ауданында үш мыңнан астам адам «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуда

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық ауқымдағы экологиялық акциясы Ақмола облысында да кеңінен қолдау тапты. Өңірдегі кезекті акция шаралар легі Бұланды ауданында жалғасқан. Республиканың әр түкпірінде өтіп жатқан шараға ауданның түрлі еңбек ұжымдары, студенттер мен жастар, жалпы аймақтың тазалығы мен экологиялық ахуалына бейжай қарамайтын барша аудан тұрғындары қатысып, сенбілік шарасына белсене атсалысуда.

  •      Акция аясында елімізде мыңдаған көшеттер егіліп, елдімекендер абаттандырылып қордаланған қоқыстан біршама арыла бастаған.Мемлекеттік рәміздер күні Макинск қаласында таңазанымен көк аспанда әуелеген Мемлекеттік әнұран бұландылықтар үшін тек салтанатты мереке ғана емес елдімекеннің айналасын тазартуға жігерлендіретін ерекше рух бергендей. Республикалық акцияны бұландылық азаматтар да қызу қолдады. Бұланды ауданының орталығы – Макинск қаласында бастау алған іргелі шараға аудандық мемлекеттік органдарынан бастап түрлі еңбек ұжымдары, бизнес құрылымдар мен жалпы тұрғындар да қатысты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше Республика аумағы бойынша бес апта уақытқа созылатын акцияның басты мақсаты тазалық пен экологиялық ахуалдың жақсаруына үлес қосу. Акцияның әр аптасы да «Таза өлке», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» сияқты өзіндік атаулар беріліп, нақты мақсаттар көзделіпті. Аудандық мәслихат депутаты Әлішер Кенжеғалиев «Таза Қазақстан» республикалық акциясының экологиялық сананы арттырып қана қоймай, нақты қадамдар жасауға ықпал ететінін жеткізді.
  • Жалпы өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен бүкіл Қазақстан бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алған болатын. Осы мақсатқа бес аптаға созылған акцияда қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру,  халықтың табиғатға деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында Бұланды ауданының тұрғындары баршасы қатысып қолдау көрсетіп белсенділік танытуда. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өз үлестерін қосып жатыр. Сонымен қатар экологиялық акцияға аудан бойынша аудан ішін тазарту жұмыстары, әктеу жұмыстары сияқты сол акция басталғаннан бері қарай барлық жұмыстар атқарылып келеді. Біз аудан тұрғындары болып Мемлекет басшысының бастамасын қолдаймыз. Жалпы экологиялық акцияның басты мақсаты да сол қоршаған ортаны қорғау, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғаттың ластану мәселесіне халықтың назарын аударту болып отыр. Мұнымен қоса шара жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу, сонымен қатар волонтерлік қозғалыстарды дамытуды көздейді. Осындай акциялардың арқасында ауданда эковолонтерлік қозғалыстар да дамып, табиғатқа жанашыр жастардың да қатары өсіп келеді, — дейді Бұланды аудандық мәслихатының депутаты Әлішер Кенжеғалиев. 

Қазіргі уақытта «Таза Қазақстан» республикалық акциясына Бұланды ауданынан 11 ауылдық округтан барлығы 3 мыңнан астам адам белсене атсалысып жатыр. Акция басталған алғашқы күннен-ақ ауданның елдімекендерінде көшеттер егіліп, көшелерді абаттандыру жұмыстары кең етек алған. Аудан әкімдігінің мәліметінше аудан аумағындағы елдімекендерде акция басталған уақыттан бері ғана 2 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылған. Аудан әкімдігі мен құзырлы органдар акция шарасын одан әрі жалғастырып, елдімекен көшелері мен гүлзарларда көшет отырғызу, абаттандыру және тазарту жұмыстарын одан әрі де жалғастырмақ ниетте.

          Бұланды аудандық мәслихат депутаты Әлішер Кенжеғалиев аудан аумағында кең көлемде жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына мектеп оқушылары мен жастар да белсене атсалыса бастағанын ерекше атап өтті.

  • Мектеп оқушылары дегенде өздеріңізге белгілі қазір «Жасыл ел» деген мемлекеттік бағдарлама бар. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен құрылған. Сол бағытта жастар белсенділік танытуда. Мұнда жастар өздерінің қызметтерін атқарып, сегіз сағаттық жұмыстарын істейді және өздерінің жалақыларын алады, — деп толықтырды Әлішер Жәнібекұлы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша акция барысында аймақтың тазалығын сақтауда сонымен қатар жалпы тұрғындардың экологиялық ахуалға назарын аудартуға мүмкіндік берген.

  • Акция қаламыздың тазалығын және барынша өлкеміздің тазалығын сақтауға ықпал етті. Жастар, балалалар да белсене қатысып жатыр. «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы саны 56 бала бар. Екі кезеңнен құрылған. Шараға 14 жастан бастап ерікті азаматтар, студенттер, оқушылар жалпы қала тұрғындары барынша көбірек қосылып келеді, — дейді Бұланды ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы.

Акция барысында 1500 адамнан астам сенбілік қатысушылары бес тоннадан астам қоқыс шығарып, қала ішін айнадай жарқыратты. Аудан тұрғындарының ұйымшылдықпен тазалық акциясына қатысып жатқанына Бұланды аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шахман Құсайынов ақсақал да шынайы ризашылығын білдіріп, шараның тұрғындардың сана-сезімінің артуына да септігін тигізетінін жеткізді.

  • «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы тазалық пен тәртіпке жол салып қана қоймай тұрғындардың табиғатқа жалпы еліміздің тарихи-мәдени құндылықтарымызға жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Аудан тұрғындары «Таза өлке», «Киелі мекен» және «Жасыл аймақ» жобаларымен тұтас қоғамның бойынша өз елдімекендерінің айналасын абаттандырып, тазалық пен тәртіптің маңыздылығына назары ауды. Жалпы аудан тұрғындарының ортақ күшімен 20 тоннадан астам қоқыстың шығарылуы, 14 тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің абаттандырылуы, 3 мыңнан астам көшеттердің отырғызылуы үлкен істің тындырылғанының айқын көрінісі. Бұл өңіріміздің тазалығы мен көркін сақтауға қосқан барлық еңбек ұжымдары мен тұрғындардың керемет үлесі. Тазалық – денсаулық кепілі. Біз аға ұрпақ бұл акцияны толықтай қолдаймыз. Біз бұл ісіміз арқылы балаларымызды да тазалық пен тәртіпке үйрететінімізге сенімдімін. Ақсақалды қариялар мұндай іргелі іске риясыз қуанышты. Еліміз гүлденіп, алға дами берсін, — дейді Шахман Құсайынов.

Акция барысында қоғам белсенділері, спортшылар, түрлі кәсіпорындар мен мекемелер, сондай-ақ студент жастар мен мектеп оқушылары қала көшелері мен елдімекен айналасын айнадай етіп тазартып шықты. Олардың әрбірі өз қоршаған ортасының жақсаруына барынша сүбелі үлес қосты.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ,

Ақмола облысы

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....