Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №72 мекемесінің сотталғандары да салтанатты түрде атап өтті.
Тергеу изоляторының шаруашылық жасағындағы сотталғандар Қазақстан Республикасының рәміздерінің мағынасын ашатын баяндама жасап, әр рәміздің авторларымен таныстырды.
Салтанатты мерекеде Тәрбие бөлімінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты М. Ибраимолдаев құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіз Қазақстан Мемлекетінің рәміздеріне құрметпен қарау әрбір қазақстандықтың Отанға деген мақтанышы пен патриоттық сезімін арттыратынын атап өтті.
Рәміздер құрметіне арналған салтанатта сотталғандар өз күштерімен концерт ұйымдастырып, Мемлекеттік әнұранды асқан шабытпен орындады