1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті

 Алматы қаласындағы балалар колониясында 1 маусым-Халықаралық  балаларды қорғау күні жыл сайын салтанатпен  дәстүрге сай аталып өтілетін жарқын мереке. Республикадағы жасөспірім балалар жазасын өтейтін жалғыз мекеме, қазіргі таңда 49 бала ұсталуда. Соның ішінде аса ауыр қылмыс жасаған-34, ауыр-14, ауырлығы төмен қылмыс-1. 1 маусым күні Мекеме ұйымдастырған Ашық есік күніне жер шалғайлығына қарамай әр тараптан балалары үшін алып –ұшып ата-аналар мен жақындары келді. Салтанатты іс шара   Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімінің орынбасарлары, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы әуендері»  коммуналдық мелекеттік қазыналық кәсіпорны- концерттік бағдарлама қойды. және Жамбыл атындағы кітапханасының мәдени іс шара ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері домырашы-Ахмадиев Айбын әнші Ахан Еркебұлан тәрбие бөлімінің ұйымдастырумен  мерекелік концертке қатысып өнерлерін көрсетті.

Мерекенің әні көкке әуелеп, жыры шарықтап балаларымен қауышқан ата-ананы, мекеме қызметкерлері мен ұстаздарды қуанышқа бөледі.Келген қонақтарға мекеме бастығы әділет подполковнигі Толубаев Мирас Андревич қонақтарға әртістерге мекеме атынан алғыс хаттар ұсынды.

 Іс шараның соңы мекеме ұжымы Зекет және қайырымдылық қоры Алматы орталық мешітінің қолдауымен жазалы жасөспірімдерге  меркелік дастархан әзірледі.

  №11 мекемесі Еркегүл Жеңісхан

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...