Түзеу мекемесінде балаларды қорғау күні аталып өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79 мекемесінде “1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай, “Ашық есік күні” өткізілді. Мекеме бастығы әділет подполковнигі Ж.Г. Жумашевтың айтуынша бұндай шаралар бекітілген жоспарға сай өткізіліп тұрады. Аталмыш шара басталмас бұрын мекеменің режим және тексеру тобының қызметкерлері сотталғанның туыстарына шараны өткізудің жоспары туралы, тыйым салынған аумақта өзін-өзі ұстау және тыйым салынған заттардың заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөнінде нұсқау берді. Туыстары үшін қызметкерлердің сүйемелдеуімен сотталғандардың асхана, кітапхана, жұмыс және жатын орындары көрсетілді. Мекеменің клуб бөлімінде келген қонақтар үшін шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сол жерде сотталғандар мен олардың туыстары бейресми жағдайда тілдесіп, сонымен қатар мекеме әкімшілігіне өздерін толғандырған сұрақтарын қоя алды.

“Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандар арасында моральдық-психологиялық ахуалға оң әсерін тигізіп, туыстық байланысты қалыптастыруға көмектеседі”, – деді мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет майоры М.О. Утепова.

Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды

Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді...

Нотариустар жасаған атқарушылық жазбалардың күшін жою туралы дауларды қарау тәжірибесі

Нотариустың атқарушылық жазбасы – азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс...

Анатомия мен экология тоғысындағы зерттеулердің ізашары

Медицинада бүгінгі таңда денсаулық сақтау ісінде іргелі теориямен  қатар...

Қазақи қолөнер

Ұлттық мәдениетіміздің айнасы болып табылатын қазақи қолөнер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп...