12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Халық» қайырымдылық қоры мерекеде балаларды қуантты

       Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні барлық ата-ана кішкентай балақайларға ерекше көңіл бөледі. Ауыл-аймақ, қалаларда осы күнге арналған түрлі концерттер ұйымдастырылып, тіпті кейбір компаниялар немесе орталықтар аталған күні балаларға арнап арнайы сый дайындайды.

     Тимур Құлыбаев бастаған «Халық» қайырымдылық қоры құрылған күннен бастап маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенді жұмыс атқарып келеді. Осы жылдар ішінде қор 10 мың ауыл балаларын футбол жабдықтарымен қамтамасыз етті, 280 орындық балабақша салды,  50-ден астам балалар мен футбол аулалық кешендерін орнатты. Білім гранттарына 300 млн теңге бөлді. Биылғы оқу жылында 12 студент «Халық» қорының 100% грантымен оқыды, оның алтауы халықаралық «Мирас» мектебінің IB дипломын алып, әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсті.

      «Балалар – еліміздің болашағы, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыру біздің мақсатымыз.  Біз, ересектер, әрбір баланың өз әлеуетін ашуға және бүкіл қазақ қоғамының дамуына үлес қосуға мүмкіндігі бар әлем құра аламыз», — деді «Халық» қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов.

     Биылғы жылы Балаларды қорғау күніне орай «Халық» қоры Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының 17 ойын бөлмесін ойыншықтармен қамтамасыз етті. Мұнда жыл сайын Қазақстанның барлық аймақтарынан ауыр диагноз қойылған 5 мыңнан астам бала жатқызылады.

Сондай-ақ, «Халық» қорының «Ауыл футбол» жобасына енген мүмкіндігі шектеулі балалар командасын балалар күнімен құттықтап, 15 балаға шағын сыйлық табысталды. Орталықта әртүрлі мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтену және дене шынықтыру дағдылары қалыптасады.

Балаларға арналған әндер арқылы қазақ тілін үйренуге арналған оқу-әдістемелік құрал шығару жобасын қолдадық. Осы жоба аясында композитор, әнші, педагог және профессор Назымбек Дүкенбайдың балаларға арналған кітабының шығуына қолдау көрсеттік

«Халық» қайырымдылық қоры білім беруді, спортты және мәдениетті, оның ішінде толық емес және көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларды дамыту арқылы әлеуметтік көмек пен білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету миссиясын жалғастыруға ниетті.

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам»...

Полицейлер дүкен кассасынан ақша ұрлығын тергеуде

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бөтеннің...

Жалған хабарлама: полиция жарылғыш зат туралы хабарлаған кәмелетке толмаған баланы тапты

Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда...

В Алматинской области врачи из Турции провели мастер-класс

В Алматинской региональной многопрофильной клинике прошел мастер-класс, во время...