Расул ЕРҒАЛИЕВ, Ұлттық статистика бюросының Ақмола облыстық департаментінің басшысы: «СТАТИСТИКА – ӘР САЛАНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ»

– Расул Жабалұлы, сұхбатымызды өңірдегі көші-қон жағдайынан бастасақ? Статистика келтіре отырып баяндап берсеңіз.

– Аймақтың демографиялық ахуалын көрсетуде, әрине, статистиканың мәні зор. Елдің демографиялық ахуалын үнемі бақылауда ұстаймыз. Көрсеткіштерді салыстыру ол өңірдегі өсімді немесе сол өсімнің төмендеуін анықтайды. Осы ретте, 2024 жылғы 1 сәуірде облыс халқының саны 697 мың адамды құрады. Оның 44,6 пайызы немесе 311 мыңы қалалықтар, 386 мыңы (55,4 пайызы) ауылдықтар. Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 1885 адамды құрады. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде ол 1881 адамды құраған болатын. Биыл қаңтар-наурызда туылғандар саны 3153. Теріс көші-қонның айырмасы 2896 адамды құрады. 2023 жылдың сәйкес кезеңінде де өңірде теріс көші-қон болып ол – 1748 адам болған. Биыл сыртқы көші-қонда айтарлықтай айырма бар.

– Алғашқы тоқсандағы ақмолалықтардың еңбек нарығындағы ахуалы мен олардың табысы туралы да айта кетсеңіз?

– Еңбек нарығы әр кезде әртүрлі құбылып отырады. Ол негізінен кез келген өңірдегі өнеркәсіп, интеграция, инновация негізіндегі экономикалық дамудың шкаласы. Осы ретте, өңірде бірінші тоқсанда жұмыссыздар саны 15046 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8 пайыз болды. 1 мамырда жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде 18071 адам тіркелген. Қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 270205 теңгені құрады. Яғни, өсім 2023 жылғы I тоқсанға қарағанда 9,7 пайыз. Бірінші тоқсанда нақты жалақы индексі 100,1 пайыз болып қалыптасты. 2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 127446 теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 18,1 пайызға жоғары.

– Салалық статистикада қандай өзгерістер бар?

– 2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 92 148,8 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 3,6 пайызға төмен. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 172,3 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде – 10,5 пайызға төмендеп, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 3,2 пайыз, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызметтер 16,9 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 57 802,7 млн теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 101,2 пайызды құрады. Көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 3 649,1 млн ткм-ді (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын (бағалау есебімен) немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 78,8 пайызды құрады. Кұрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 40346,4 млн теңге немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 226,4 пайыз болды. Ал пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 15,3 пайыз өсіп, 65,2 мың шаршы метрді құрады. Олардың ішінде көппәтерлі тұрғын үйлер – 174,7 пайыз (25,2 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 5,1 пайызға (40 мың шаршы метр) азайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 59020,5 млн теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 127 пайызды құрады.

– Өңірдегі заңды тұлғалар саны тұрақты ма?

– Тіркелген заңды тұлғалар саны 1 мамырдағы жағдай бойынша 8 272 бірлікті құрады. Яғни, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 2 пайызға ұлғайды. Оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 8 043 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6 687 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 6 459. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 6 196 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,8 пайызға ұлғайды.

– Қысқа мерзімді экономикалық индикаторлар қалай есептеледі?

– Қаңтар-сәуірде 2023 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 110,3 пайызды құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 60 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді. 2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі қолданыстағы бағамен 1923707,9 млн теңгені құрады. 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 16,2 пайыз өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 41,0 пайызды, қызметтер көрсету – 59,0 пайызды құрады. Тұтыну баға индексі 2024 жылдың сәуірінде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,8 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 4,2 пайыз, азық-түлік емес тауарлардың – 1,6 пайыз, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 5,8 пайызға өсті. Сәуірде 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 0,9 пайызға төмендеді. Биыл қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 116 300,8 млн теңгені немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,3 пайызды құрады. Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 30 082,6 мың АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 19,8 пайызға төмендеді. Оның ішінде экспорт – 17 033,1 мың АҚШ долларына тең (24,3 пайызға төмен), импорт – 13 049,5 мың АҚШ долларын құрады (12,9 пайызға төмен).

Ерлік КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖАҒЫНАН КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әлеуметтік қолдау көрсету бойынша...

Социальная поддержка в Казахстане: региональный лидер в Центральной Азии

Казахстан занимает ведущие позиции среди стран Центральной Азии по...

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...