spot_img
spot_img

Қазақ тілі – Ана тілім

Ана тілім – қазақ тіліммен мен мақтан етемін. Өйткені, қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, әдемі тілдердің бірі десем қателеспеймін.

Қазақ тілі — Қазақстан мемлекеттілігін айқындайтын факторлардың бірі және Конституциялық-құқықтық мәртебесінің элементі болып табылады. Әр елдің, мемлекеттің өзіндік ана тілі, заңмен көзделген, айқындалған мемлекеттік тілі бекітіледі, ал тілсіз мемлекет болмасы анық. Кез-келген жағдайда мемлекеттік тілдің пайдаланысын азайтуға мүмкіншілік берілмеуі қажет. Тіпті ақын, жазушы Р.Ғамзатовтың өзі – «Ертең менің тілім өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын» деген. Қандай керемет айтылған дана сөз.

Қазіргі таңда сот саласында мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің біріне айналып, қатаң бақылауға алынып отыр. Бұл өте қуантарлық жағдай. Өйткені, еліміздің егемендігін алғалы міне 30 жылдан астам уақыт өтсе де тіл мәселесі әлі де жақсы көрсеткішті қалап отыр.

Айта келе, әлемдегі барлық өркениетті, дамыған елдердегідей еліміздің мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда қызмет істейтіндердің барлығы мемлекеттік тілді білуге міндетті деп санаймын. Онсыз ол мемлекеттік тіл болып есептелмесі анық. Тіпті Ата заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының 4-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп көрсетілген.

Мәселен, ең бірінші кезекте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жандандыру, тіл саясатын іске асыру, тілдің тұғыры мен мәртебесін көтеру мақсатында қолданысын дамыту мәселесін мемлекеттік мекемелер бақылауға алулары қажет деп есептеймін. Яғни, мемлекеттік мекемелердің өзара құжат айналымы тек мемлекеттік тілінде болу қажет, қазақ тілін дамыту саясатын қолдап және осы ұстанулары абзал. Алайда, кейбір жағдайда мемлекеттік мекеме бола тұра, хат алмасу барысында ресми тілінде хат жолданатыны кездесіп тұратынын атап өту қажет.

Ал өз тарапынан, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мемлекеттік тілдің тұғыры мен мәртебесін көтеру мақсатында сот қызметшілерінің және баспасөз қызметінің мемлекеттік тіл тақырыбында мақалалары БАҚ-нда тұрақты түрде жарияланып, сондай-ақ басқа да органдардың, мекемелердің қатысуымен іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Айта келе, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру өз қолымызда екені анық.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы Самат Қалмаханұлы Әбілдаев

Волонтёры Алматы организовали кинопоказ для более 100 детей из детских домов

В Алматы волонтёры организовали тёплую и запоминающуюся встречу для...

В Алматы началась работа по мониторингу студенческих общежитий

При поддержке Управления молодежной политики города Алматы стартовал мониторинг...

Алматыда студенттік жатақханаларға мониторинг жұмыстары басталды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала аумағындағы студенттік...