«Құқықтық сауаттылық» жобасы аясында «Қызметтік тергеп-тексеру кезінде дәлелдемелер және дәлелдеу мәселелері» тақырыбында семинар-тренингі өткізілді

2024 жылғы 30 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен Әдеп жөніндегі уәкілдер, тәртіптік комиссияларының мүшелері және персоналды басқару қызметінің қызметкерлеріне «Құқықтық сауаттылық» жобасы аясында оқыту, оның ішінде «Қызметтік тергеп-тексеру кезінде дәлелдемелер және дәлелдеу мәселелері» тақырыбында семинар-тренингі өткізілді.
Аталған семинар-тренингте тәртіптік жазаны қолдану тәртібіне қатысты арнайы слайд-жадынама әзірленіп, барлық қатысушыларға қолдану үшін таратылды.
Тәртіптік жауапкершілікті қарау кезіңде қатаң заңнама талаптарын ұстану бойынша және тәртіптік жауапкершілік қарау аясында мемлекеттік қызметшілердің құқықтары, тәртіптік комиссиялаардың міндеттері мен құзыреттіліктері түсіндірілді.
Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес, 2024 жылғы 1 тоқсан қорытындысы бойынша тәртіптік тәжірибеге қатысты талдау нәтижелері талқыланды.
Мәселен, есептік кезеңде Алматы қаласы бойынша 262 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған, бұл жалпы Республика бойынша тартылғандардың 5% құрайды.
Өз кезегінде, әдеп құқық бұзушылықтар бөлігінде оң динамика байқалады. Алдыңғы жылдғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда қызметтік әдепті ұстанбағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың саны 2,6 есе азайған.
Осы тұста, Департаментпен Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын ұстану туралы түсіндірмелер берілді. Осы бағыттағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің маңызды рөлі атап өтілді.
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны, яғни шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткені үшін 1 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Семинар барысында, практикалық жұмыс ретінде тәртіптік жаза қолдануға қатысты кейстер қаралып, тиісті қорытындылар берілді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында тәртіптік жазаға қатысты мәліметтерді «Е-қызмет» АЖ уақытылы әрі толық енгізу туралы түсіндірілді.
Семинар-тренингтің соңында мемлекеттік органдардың сұрақтарына жауап берілді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы – Лаура Нұргелдіқызы Науқанбай

Қазақи қолөнер

Ұлттық мәдениетіміздің айнасы болып табылатын қазақи қолөнер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп...

«Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтті

2026 жылғы 25–27 маусым аралығында республика көлемінде «Пробация» республикалық...

Почему люди верят фейкам?

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ ПРЕВРАТИЛИСЬ ИЗ ПЛОЩАДОК ДЛЯ...

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...

Верность профессии

В Алматинском городском суде по случаю выхода в почетную...