Қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру басым бағыттардың бірі болып табылады

           ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

           Жоғарыдағы көрсетілген міндетті орындау мақсатында және мемлекеттік қызмет алушы Б. азаматынан түскен шағымы негізінде, аталған шағымды жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасында «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдерінің сақталуы бойынша тексеріс жүргізілді.

           Жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет беруші, яғни Алматы қаласының жоспарлау және урбанистика басқармасымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында негізсіз бас тарту және қарау мерзімінің бұзылуы фактісі расталып, қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру және орын алған заңбұзушылықтарды жою туралы  ұсыным енгізілді.

           Сонымен қатар, Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары ҚР ӘҚБтК-нің 465-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

           Қазіргі таңда, қызмет алушы сәулет-жоспарлау тапсырмасын және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттарын алу жолымен құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының

бас маманы Нысаинов Шынтас Токтарканович

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...