Түркістандық азамат заңды бұзып қайта қамауға алынды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасасты Түркістан қалалық пробация қызметінің есебіне түрған Батыр есімді азамат сот жүктеген міндетті біле тұра, заңды қаскөйлікпен бұзып, жазасының өтелмеген бөлігін темір торда өтейтін болды.
Пробация қызметінің бақылауына алынған бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғанғандардың арасында заңды қаскөйлікпен бұзып абақтыға қамалатындар жиі кездеседі. Өздеріне берілген санаулы мерзімді бостандықта жүріп өтей алмай, қамауға алынатыны өкінішті-ақ.

Қамауға алынған азаматтар жастар болса түсіністікпен қарауға болар еді. Ал, жирма сегіз жастағы азаматтың құқық бұзушылыққа барғаны әрине өкінішті. Балалары мен інілеріне ақыл айтып отыратын азаматың сот жүктеген міндетке салғырт қарағаны қынжылтады.

Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азамат жаза өтеу шарттарымен Сот жүктеген міндеттерді біле тұра бұзған, Кешкі уақытта тексеруге барғанда үйінде болмай, пробация қызметіне тексеруге келмеген. Қткен жылдың наурыз айында Шымкент қаласының, Абай аудандық сотының үкімімен ӨРӨК-нің 188 бабының 2-тармағы бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына тағайындалды. 2023 жылы наурыз айында Түркестан қалалық ПҚБ есебіне алынды. Өткен жылдың қазан айында пробоциялық бақылауға келіп, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін іздеу жарияланған болатын. Үстіміздегі жылдың 24 мамыр күні жасырынған жері анықталып, қамауға алынды. Түркістан қалалық сотының қаулысы бойынша бас бостандығынан шектеу жазасы, бас бостандығынан айыру шарасына ауыстырылды.

Батыр есіиді азамат өзінің өтелмеген бөлігін абақтыда өтейтін болады. Бұл азаматқа пробация қызметіне тіркеуге алынған күні сот жүктеген міндеттер түсіндірілген болатын. Егер заңға бағынбаған жағдайда сот бойынша қамауға алынатыны да ескертілді. Өкінішке, орай бұл азамат заң талаптарын орындамаған. Пробация есебіне тіркелген азамат өзіне заң бойынша жүктелген міндеттерді бұзбағаны дұрыс. Өзінің жасаған қылмыснан сабақ алғаны абзал. Өзінің артынан ерген ізбасарларына әрбір әке үлгі болуы қажет. Себебі, әрбір бала біздің болашшағымыз, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Жанболат Абдрахманов.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты жиырмаға жуық пробация қызметі бар. Бір пробацияда кем дегенде жүзге жуық сотталған есепте тұрады.

Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзады.

Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тағайындалатын адамдар кездесіп жатады. Осындайда, Түркістан қалалық пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтың қателігін өзгелер қайта қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Бұл азамат аудандық пробация қызметіне тіркеуге алынған күні ПҚБ-нің инспекторлары сот жүктеген міндеттерді түсіндірді. Сондай-ақ, ол жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан заңды қаскөйлікпен бұзды. Бұл сотталған азаматтың алдағы уақытта қылмыс жасауының алдын алу үшін және де өзінің жасаған әрекетінен сабақ алу мақсатында, пробация қызметінің инспекторы қалалық сотқа ұсынысы жіберді. Аға инспектордың ұсынысы қанағаттандырылып Батыр есімді азамат қалған өтелмеген бөлігін енді темір торда өтейді. Өзінің жасаған қателігінен сабақ алып шығады деген сенімдеміз…

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...