Ауылдық елді мекендерде медициналық мекемелерді салу және жаңғырту: ҚР Үкіметі шамамен 40 млрд теңге бөлді

✍️ ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық мекемелерді салу және жаңғырту үшін Үкімет резервінен 39,9 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды. Шешім 27 ақпандағы Үкімет отырысының хаттамасын орындау шеңберінде қабылданды.

✔️ Ұлттық жоба ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.

➤ Оның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысандарын салу және орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту көзделген.

🔹 Жобалар жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) әзірлігіне қарай өңірлердің әкімдіктерінен берілген өтінімдерге сәйкес қаржыландырылады. Осыған байланысты Үкімет резервінен 39 млрд 987 млн теңгеден астам қаражат ауылдық елді мекендерде ЖСҚ дайын 297 алғашқы медициналық көмек нысанын салуға бағытталады. Олардың ішінде медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар бар.

Сонымен қатар бөлінген қаражаттың бір бөлігі:

➤ Арқалық өңірлік ауруханасы перзентханасының ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға;

➤ Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасының екі блогын күрделі жөндеуге;

➤ Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының бас ғимаратын күрделі жөндеуге;

➤ Балқаш қаласының Орталық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға;

➤ Балқаш қаласының Көпсалалы ауруханасының ангиографиялық ота жасайтын бас корпусына қосымша ғимарат салуға және ангиографиялық қондырғыны орналастыруға;

➤ Шиелі көпсалалы орталық аудандық ауруханасының ғимаратына қосымша блокты жапсарлас сала отырып, күрделі жөндеуге және сол жерде 30 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысына аударылады.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...