Пробация есебіндегі азамат сот залынан қамауға алынды

Пробация есебіне  алынған әрбір азаматты қоғамға бейімдеу мақсатында тәрбиелік жұмыстар үздіксіз жүргізіледі. Соған қарамастан жаза өтеудің міндеттерін орындамай, пробация есебіне тіркеуге келмей, құқықбұзушылық жасап, түзеу мекемесіне қайта жіберілгендер  де бар.
Солардың бірі Е.есімді азамат, 2022 жылы велосипед ұрлағаны үшін сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабының 3 бөлігімен 3 жыл 6 ай мерзімге шектеу жазасы тағайындалып, Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебіне алынған. Бұл азаматпен профилактикалық жұмыстар жүргізілгенімен еш нәтиже шығармай, тіркеуге келмей, бірнеше рет мекенжайында болмай әкімшілік құқықбұзушылық жасаған. Пробация қызмет тарапынан  сотталған азаматқа қатысты іс –құжаттары жинақталып, сотқа ұсыныс жолданған.  Түзелу жолына түспеген азаматты сот қаулысының негізінде  сот залынан қамауға алынды. Бас бостандығын шетеу жазасының өтелмеген бөлігі 1 жыл 7 ай 17 күнге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...