Сотталғандар үшін соңғы қоңырау соғылды

25.05.2024 жылы Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты 37 мекемесінде жазасын өтей жүріп, орта білім алған сотталғандар соңғы қоңырау қақты. Салтанатты шараға Шиелі аудандық білім басқармасына қарасты кешкі мектеп мұғалімдері, мекеме қызметкерлері қатысты.
Кешкі мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ә.Байтілеуова қатысушыларды мерекесімен құттықтап, оқу барысында үлгілі тәртіптерімен үздік нәтиже көрсеткендерді мақтау қағаздарымен марапаттады.
– Қылмыстық атқару кодексінің талабына сай 30 жасқа дейінгі сотталғандарға орта білім алу міндеттелген. Мұндағы орта білімі жоқ 9 адам білім алды. Енді маусым айында емтихан тапсырып, 9сынып бітіргендер негізгі орта білімі және 11 сыныпты бітіргендер орта білімі туралы аттестат алады , – деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қ.Дайрабаев.
– Жастық шақта аңғалдығымнан жаза басып, құқық бұзғаным үшін жазамды өтеп жатырмын. Осының салдарынан оқи да алғаным жоқ. Мекеме қызметкерлерінің көмегімен кешкі мектепте білім алдым. Ұстаздар еңбегінің нәтижесінде орта білімімді растайтын құжат алатын боламын Осы үшін мекеме әкімшілігі мен кешкі мектеп ұстаздарына алғыс білдіремін, – дейді жазасын өтеуші.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...