12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Маңғыстау жастарына арналған «ЖАСТАР ЕQ» жобасы басталды

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырыс негізінде «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі «ЖАСТАР ЕQ» жобасын бастады.

Жобаның мақсаты- жастардың психологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, психикалық, менталдық денсаулығын нығайтып, жастардың эмоционалды интеллектісін (ЕQ) көтеруге ықпал ету.

Сонымен қатар, олардың өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін мейлінше азайту және алдын алу. Аталған мәселеге қоғамның барлық тобын, атап айтқанда, үкіметтік емес ұйым, БАҚ өкілдерін, әртүрлі салада жетістікке жеткен азаматтарды, қоғамдық пікір көшбасшыларын аталған мәселелерді шешуге жұмылдыру.

Жоба Маңғыстау облысының аумағындағы 18-35 жас аралығындағы барлық жасты қамти отырып, 1 мамыр — 30 қараша аралығында жүзеге асады деп жоспарлануда.

-Жобаның негізгі мақсатты тобы – Маңғыстау облысының жастары, психолог мамандар, мектеп оқушылары, колледж, университет студенттері, ата-аналар. Жоба командасы сонымен қатар, жобаны қолдаушылармен, пікір көшбасшылары, қоғам белсенділері, серіктестермен және мемлекеттік органдармен бірлесе қызмет атқаруды көздейді. Жобаға еріктілер мен әлеуметтік желі қолданушылары да қолдау көрсете алады,- дейді ұйымдастырушылар.

Жоба аясында:

-Маңғыстау облысы жастарының кемінде 5%-ы ментальды денсаулық сақтау бойынша ақпараттандырылады;
-Аймақта республикалық сарапшыларды тарта отырып кемінде 5 компонентті (эмоционалды инттелектті дамыту, суицидология, бала психологиясы, адам дағдарысы, ата-ана мен бала қарым қатынасы және т.б.) оқыту ұйымдастыру арқылы жастарғаи психологиялық көмек көрсете алатын кемінде 20 коуч-психолог маманы пайда болады;
-Облыс көлемінде 3 психологиялық семинар-тренинг ұйымдастырылады;
-Жастар арасындағы зорлық-зомбылық, суицид, әртүрлі тәуелділіктің алдын алуға бағытталған әдістемелік құрал (практикалық жұмыстар жинағы) пайда болады;
-Жастардың арасындағы әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алуға бағытталған «ағартушылар десанты» барлық елді мекенде кемінде 5000 жасты қамтитын кездесулер ұйымдастырады.

Айта кетейік, эмоционалды интеллект (EQ) – дененің реакцияларын тез тануға, адамның шынайы ниетін анықтауға, өз күйіңізді басқаруға және басқа адамдардың көңіл-күйін оқуға көмектесетін дағдылар жиынтығы. Эмоционалды интеллекттің дамуы ішкі күресті тоқтатуға және басқа адамдармен өмір сүруге, жұмыс істеуге және үйлесімді қарым-қатынас орнатуға қолайлы жағдайлар жасай отырып, өзіңізге көмектесуді үйренуге мүмкіндік береді.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....