Елімізде утилизациялық алым алына ма? Министр жауап берді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанда утилизациялық алым алынбайтынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенаттағы парламенттік тыңдаудан соң министрге «Аз ғана топ утилизациялық алымды алып тастау туралы талап қойды. Олардың талабы ескерілмеуі дұрыс деп ойлайсыз ба?» деген сұрақ қойылды.

Қанат Шарлапаев утильалымға қарсы топпен кездескенін, мәселе заңды түрде шешілу керектігін жеткізді.

«Олардың талабын ескеру үшін заң бойынша процесс болуы керек. Утилизациялық алымға қарсы топтардың өкілдері Астанаға келіп, менімен тікелей сөйлесті. Қазір Үкіметте утильалымды өзгерту бойынша ешқандай жоспар жоқ. Біріншіден, әрине, халықтың пікірі ескерілуі керек. Бірақ оны заң бойынша іске асыруымыз шарт.

Екіншіден, бүгінде утильалымға қарсы петицияға қол қойылып жатыр. Петиция аяқталғаннан кейін оны Үкімет деңгейінде қарастырамыз. Заң бойынша процедура осындай», — деді ведомство басшысы.

Министр елімізде утилизациялық алым жойылмайтынын атап өтті.

«Менің ойымша, петицияның қорытындысы Үкімет деңгейінде қаралады. Бәріне түсінікті болу үшін тағы қайталап айтамын, біз утилизациялық алымды алып тастауды қарастырып жатқан жоқпыз», — деді Қанат Шарлапаев.

1-сыныпқа қабылдау баланың дамуына қарай ма?

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен брифингте елдегі мектептерге балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылатынын айтты.

В учреждении УИС по области Абай прошли соревнования по шахматам и шашкам

В учреждении минимальной безопасности УИС по области Абай состоялось...

Конституция күні: Ата Заңның қоғам өміріндегі орны

Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің басты заңы, мемлекеттің құқықтық...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі құқықтық құжаты, қоғамдық...

Сот приставының негізгі құқықтары мен міндеттері

Сот жүйесінің тиімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...