Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтің бір қағидаты болып әдептілік танылады.
Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бекітілген.
Аталған Кодексте мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен және әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста қызметтік әдебінің стандарттары бекітілген.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган заңнамаға сәйкес қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіруді жүзеге асырады.
Бұл ретте Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен және оның аумақтық Департаменттерімен мемлекетік қызметшілер арасында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын және әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отырылады.
Ағымдағы жылғы 21 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Узбеханов Нұржанмен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының оықрмандарымен әдеп нормаларын түсіндіру бойынша семинар өтті.
Кездесу барысында Филиал оқырмандарына Әдеп Кодексінің әр талаптбы бойынша түсіндіру жүргізілді.
Алматы қаласы мемлекетік қызметшілерімен 2021 жылы 30, 2022 жылы 22, 20223 жылы 26 Әдеп кодексі талаптарының сақталмау деректері орын алған болатын.
Кезесудің екінші бөлігі еркін форматта, ашық сұхбат ретінде өткізілді. Оқырмандар тарапынан Әдеп нормаларын сақтау бойынша тақырып кеңінен тарқатылып, пікір-талас қызу талқыланды.
Бұдан бөлек мемлекеттік қызметшілердің киім кию үлгісі, сөйлеу мәнері, қызметтен тыс уақытта әдептіліктен шықпау мәселелері айтылды.
Сонымен қатар лудамания мәселесіне көніл аударылып, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну қажеттігі түсіндірілді.
Берілген түсіндіруді оқырмандар арасында бекіту мақсатында Әдеп нормалардың сақталмауы қандай жауапкершілікке алып келетінді туралы Алматы қаласында орын алған нақты кейстер айтылып, себептері мен салдары жан-жақты талқыланды.
Аталған бағытта жұмыс жалғасатын болады.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы қаласы бойынша
Департаментінің мемлекеттік қызмет
Саласындағы бақылау басқармасының
басшысы Узбеханов Нұржан


