Шағым немесе өтініш беру тәртібі

Прокуратура органдары мен қылмыстық-атқару жүйесінің ақпараттық жүйелерінің интеграциясы Атырау облысының аумағында белсенді түрде енгізілуде. Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 әйелдер колониясында өтініштер мен шағымдар үшін бірнеше терминалдар орнатылды. ҚАЖ қызметкерлерінің айтуынша, бұл терминалдың артықшылығы-сотталған адам өтінішті өз бетінше рәсімдей алады. «Шағым немесе өтініш беру үшін сотталған адамға жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, оларды саусақ ізімен растау жеткілікті, бұл өте оңай және технологияны білуде үлкен дағдыларды қажет етпейді. Менің ойымша, бұл сотталғандар тарапынан заңда белгіленген шағымдар мен өтініштерді жіберу мерзімдері бойынша сұрақтар болмайды, өйткені терминал арқылы олар жауап ала алады немесе қажет болған жағдайда мәселенің егжей-тегжейлері нақтылануы мүмкін.

Бұл – кез келген өтінішті берудің жақсы балама тәсілі, — деп түсіндірді №79 мекемесінің байланыс және ақпараттандыру тобының инженері әділет аға лейтенанты Б.Ж. Гильманова. «Алдымен бізде бұл техникаға сенімсіздік болды. Бірақ содан кейін біз бұл өте ыңғайлы және қарапайым екенін түсіндік», — деп бөлісті №79 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған. Айта кету керек, инновациялар сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсарту, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау, кез келген құқық бұзушылықтарға уақтылы дәл ден қою мақсатында енгізіледі.

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....