АИТВ және ЖИТС алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру семинары

Бүгін ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінің қызметкерлері үшін «АИТВ және ЖИТС алдын алу бойынша ақпараттық — білім беру семинары» дәрісі өткізілді. Дәрісті АИТВ-инфекцияларының алдын алу орталығының профилактикалық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Жаманова Ақмарал Исаханқызы жүргізді.

Дәріс бағдарламасы Қазақстан Республикасының аумағындағы эпидемиологиялық жағдайдың сипаттамасын, АИТВ-инфекциясын диагностикалау, ағымы, емдеу және алдын алу ерекшеліктерін қамтыды. АИТВ-инфекциясымен өмір сүру, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін АИТВ-инфекциясын, оның ішінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды бақылау мен емдеуге бейілділікті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тергеу изоляторлары мен түзеу мекемелерінде медицина қызметкерлерінің дәрістер өткізуіне ерекше назар аудару осы мекемелердің контингенті арасында салауатты өмір салтын, АИТВ-инфекциясының алдын алуды насихаттайды.

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....