Қызылордада пробация есебіндегі жастар мәдени орындарға экскурсия жасады

         Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған жастар арасында мәдени орындарға саяхат ұйымдастырылды.

         Іс-шараның мақсаты – пробация есебінде тұрған азаматтардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, киелі мекендермен таныстыра отырып, еліміздің бай мұрасын насихаттау.

      Пробация есебінде тұрған жастар мәдени орындарды аралай отырып, саяхаттан ерекше әсер алып қайтты.

«Бұл саяхат біздің білімімізді арттырып қана қоймай, рухани әлемімізге де мол қазына сыйлады. Тарихи мекендерге жасалған сапар басқа саяхаттарға қарағанда ерекше болады екен. Мұны жастарға керекті нағыз рухани байлық, ғибратты шара деп білеміз. Сол үшін осындай сапарлар жиі болып тұрса деген тілегіміз бар», — деді жастар.

         Ұлттық мұраны дәріптеген тарихи-мәдени сапар алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Пробация есесбіндегі тұлғалармен спорттық, мәдени шаралар, құқықтық кеңестерді жиі түрлі кездесулер мен психологиялық тренингтер ұйымдастырылып келеді. Басты мақсатымыз- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу болып табылады. Бостандығынан айырмай жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылған сотталғандарды бақылап қана қоймай, оларды еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу ,- дейді Жаалағаш аудандық ПҚ-ның инспекторы әділет аға лейтенанты Еркін Оразалыұлы.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...